Найти в Дзене
Ғалымдар диабетті жеңу жолын тапты
Бүгінгі шығарылымның жаңалықтары Абайлаңыз. Біріншіден, мақала ең танымал журналдарда емес, Оксфорд молекулалық Адам генетикасы журналында жарияланды . Екіншіден, ғалымдардың диабетті түгелдей жоятын тәсіл ойлап таптық деуі тым жақсы естіледі. Қант диабеті түрлері ұйқы безінің бета-жасушаларымен жұмысымен тығыз байланысты болады. Бір кезде олар инсулин гормонын шығаруды тоқтатады:инсулин өмірлік маңызды қандағы глюкоза деңгейін реттеу үшін қажет, ал басқа нұсқалар бойынша ғалымдар бетта жасушалардың кейбірі дельта жасушаға айналады деп айтады...
6 лет назад
Прогестерон өмірімізге қауіпті ме?
Прогестерон (ағылш. Progesterone, сондай - ақ P4 ретінде белгілі) - аналық бездің сары денесімен өндірілетін әйел жыныс гормоны. Табиғатта прогестин немесе гестаген. Әйел организмінде жүктілік пен етеккір циклын реттеу үшін қажет. Ерлерде прогестерон сондай-ақ бүйрек үсті безі мен ұма тінімен аз мөлшерде өндіріледі, ол организмде бірқатар маңызды функцияларды орындайды. Ең алдымен, прогестерон басқа гормондардың ізашары. Одан тестостерон, кортизол, нейростероидтар және басқа да маңызды гормондар синтезделген, орталық жүйке жүйесінің жұмысына қатысады...
6 лет назад
...Жүрек керек!
Медициналық технологиясы дамыған елдерге мүше трансплантациялау таңсық емес. Технологияның танабын қуырып, тілін тапқан Батыс пен АҚШ-та адам мүшелерін ауыстыру қарапайым отаның деңгейінде ғана қарастырылады. Бізде ше? Медицина саласының жаңашыл жүйелеріне қоғам жатырқай қарамағанымен, түбегейлі бой үйрете қойған жоқ. Неге? Соның себебін іздеп көрелік. Қазақ «ауру батпандап кіріп, мысқалдап шығады» дейді. Күлді көмеш күнкөрістің күйбеңінде жүрген адам күндердің бір күні қалай мұрттай ұшқанын байқамай қалатыны бар...
6 лет назад
Саяхатқа арналған дәрі қобдишасы
1️⃣Бірінші топ препараттары әрбір дәрі қобдишасында болуы тиіс - ауырсынуды басушы дәрі-дәрмектер.(олар сонымен қатар ыстықты басушылар). Бұған қабынуға қарсы стероидты емес заттар (ибупрофен, темпалгин, баралгин) және түйілуді басатын спазмолитиктер (но-шпа). 2️⃣ Құсуға қарсы (метоклопрамид) және антидиареялық препараттар (лоперамид) жедел көмек көрсеті үшін. Лоперамидті >37.5 температурада және нәжістегі қан табылса пайдалануға болмайды. Олармен ретсіз қолданбай аса қажет болған жағдайда ғана пайдалануы керек (себебі токсиндерді шығаруға кедергі, ауыр улануға әкелуі мүмкін)...
6 лет назад
Ауа- райының өзгерісі мен буын аурулары
Медициналық мифтерді жоққа шығару қиынға соғады.Себебі оны көбісі миф екен біле бермейді. Мысалыға: ауа- райы өзгерісі буындардың ауыруына ықпал етеді деген ертеден келе жатқан миф бар. Көп пациенттер байланыс барына қатты сенеді.Кейбірі тіпті теледидардағы метеорологтардың болжамдарынанда асып түседі. Мүмкін бұл шыныменде осылай шығар?! Бірақтан ғылым саласы бұған қалай жауап береді екен? Соңғы ғылыми зерттеулер бойынша жауын-шашынды, суық ауа- райы арқадағы, буындардағы ауырсыну симптомдарымен байланыс жоқ екен анықтап берді...
6 лет назад
Если нравится — подпишитесь
Так вы не пропустите новые публикации этого канала