Окулус. 1-акт
Ғажап! - дедім көз алдымдағы көріністі сипаттайтын басқа эпитет таппай. Әдеттегіден көп әрі жарық түнгі аспандағы жұлдыздар мені баурап алды. Мен мындалап жымыңдап, өздеріне шақырып тұрғандай. Сол жұлдыздарға қарап өткен шақты көріп тұрғанымды ойлаған сәтте жаңағы тамсанған сезім еселене түседі. Иә, егер, өткен шақты көргің келсе, аспанға қара! Тап қазір біз көріп жүрген түнгі аспан көрінісі шындығында мүлдем ондай емес. Миллиондаған жарық жылы қашықтықта орналасқан жұлдыздардың сәулесі бізге жеткенше миллион, тіпті, миллиард жыл өтеді. Сондықтан, біз аспанға қарағанда кейбір жұлдыздардың миллион жыл, кейбірінің миллиардтаған жыл бұрынғы проекциясын көреміз...