Найти в Дзене
1 подписчик

✅ 1. ҚИССА СҮЛ-ӘНБИЯ


Қазақ сахарасында өткен ишан, қожалар жас балаларға, ең алдымен, қиссаларды, аңыз, хикаяларды үйреткен. Көгілташ, Қарнақ медреселерінде оқыған шәкірттер Рабғузидің «Қисса сүл-әнбиясымен» танысты. Бұл үрдіс мың жыл бойы жалғасып келді. Олардың Сыр мен Батыс, Арқа өңіріндегі көрнекті өкілдері Шораяқтың Омары, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Тұрмағамбет Ізтілеуов, Шегебай Бектасұлы, Қашаған Күржіманұлы, Нұрым Шыршығұлұлы, Сәттіғұл Жанғабылұлы, Сүгір Бегендікұлы Құран қиссаларын жыр-өлең түрінде шығарып, халыққа таратты. Соның арқасында қарапайым халық Құранның мазмұнына жетік болды. «Өнеге шашқан жыршылық, Құдайға бұл да құлшылық» деген сөз осыдан қалса керек.

Аудио форматта тыңдағыңыз келсе 👇

✅ 1. ҚИССА СҮЛ-ӘНБИЯ  Қазақ сахарасында өткен ишан, қожалар жас балаларға, ең алдымен, қиссаларды, аңыз, хикаяларды үйреткен.
Около минуты