Ертеде халқымыз ас адал болуы үшін әйелдің қолында міндетті түрде сақина я жүзік болуы керек деп санаған. Қазақ арасындағы «Сақинаны сәнге салмайды, ол – тазалыққа таразы» Ертеде халқымыз ас адал болуы үшін әйелдің қолында міндетті түрде сақина я жүзік болуы керек деп санаған. Қазақ арасындағы «Сақинаны сәнге салмайды, ол – тазалыққа таразы», «Сақина сәнге жатпас, айқай әнге жатпас» дегендей тіркесті ұғымдар сақинаның тек сәндік қана емес, гигиеналық қызмет те атқаратынын дәлелдейді. Мұның өзі халықтың сақина соғылатын күміс не алтынның таттануға ұшырамайтынын, судың, тамақтың тез бұзылмауына септігін тигізіп, денсаулыққа жағымды әсер ететінін ертеден-ақ аңғартып байқағанын көрсетсе керек.
Күні бүгінге дейін ауылдық жерлерде жас келіншек нәрестесін шомылдырар алдында оған сол үйдің үлкендері (енесі не абысыны) «Қолыңа сақина салып ал, тазалыққа тән болады» деп ескертіп отырады. Олай болса, нәрестені қырқынан шығарғанда оны шомылдыратын суға алтын не күміс сақина немесе білезік салу