Добавить в корзинуПозвонить
Найти в Дзене

🕌🇰🇿🌸🌹🌺💕⃝🕊️💕⃝🕊️🥀 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні 💕⃝🕊️💕⃝🕊️🥀🌸🌹🌺🇰🇿🕌

Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда бүгінгі таңда 6,8 млн бала тұрады.
Аталған мереке Парижде 1949 жылы қарашада Әйелдердің халықаралық демократиялық федерациясы конгресінің шешімімен бекітілді,
Балаларды қорғау күнінің мақсаты – балалардың өмір сүруге, пікір бостандығына, білім алуға және қорғауға құқығы бар екенін еске салу.
Қазақстан Республикасы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі негізгі халықаралық құқықтық құжаттарды ратификациялады, оларды жүзеге асыру барысында балалардың құқықтары мен міндеттерін белгілейтін тиісті заңдар мен қаулылар қабылданды.
Негізгі халықаралық шарт – 1989 жылы 20 қарашада Біріккен Ұлттар Ұйымы қабылдаған Бала құқықтары туралы конвенция.
Баланың ең сенімді қорғанысы – дені сау, тату, берекелі отбасы. Балалар біздің үмітіміз, болашағымыз. Қуаныш пен шаттыққа толы балалық шақтан асқан сұлулық жоқ, оны солай ету – отбасының, қоғамның, мемлекеттің міндеті.
Қазақстанда 1 маусымда балалар мерекесіне орай дәстүрлі түрде түрлі мәдени жән

Қазақстанда 1 маусымда балалар мерекесіне орай дәстүрлі түрде түрлі мәдени және білім беру шаралары ұйымдастырылады. Бұл күні еліміздің түкпір-түкпірінде мәдени іс-шаралар өткізіліп, балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлалады, соның ішінде көрмелер, шығармашылық фестивальдар, спорттық жарыстар және т.б. ұйымдастырылады.

1 маусым Балаларымызды қорғау күні құтты болсын!!!

Балаларымыз аман, денсаулықтары мықты болсын!!! Балаларымыздың жолы ашық болсын, ойлаған армандарына жетіп, біздердің қуаышымыз болсын!!!

Балаларымыз ата-әжелерімен, ата-аналарымен, бауырларымен, ағайын-тумаларымен бірге бәріміз мейрамнан мейрамға аман есен жете берейік!!!