Ішкі авиарейстерде жолаушыларды биометриялық сәйкестендіру жүйесі енгізілмек. Бұл туралы ҚР Көлік министрі мәлімдеді. Басты тиімділіктері: Уақытты үнемдеу: Q-Gate жүйесі тексерістен өту уақытын 3 минуттан 50 секундқа дейін қысқартады. Ауқымды кеңею: Қазір Астана мен Алматыда 16 терминал жұмыс істеп тұр. Жыл соңына дейін тағы 16-сы орнатылады (Шымкент, Атырау, Ақтөбе және Ақтауда — 4 терминалдан). Пилоттық жоба: Цифрлық формат алғаш рет Астана — Шымкент бағытында сынақтан өтеді.
Қазақстан әуежайларында Face ID енгізілуде: тексеріс уақыты 50 секундқа дейін қысқарады
СегодняСегодня
~1 мин