жасқа толып отыр. 📌Олжас Сүлейменовтің есімі отандық әдебиет тарихы мен еліміздің мәдени дамуында айрықша орын алады. Оның шығармашылығы, азаматтық ұстанымы және кең ауқымды ағартушылық қызметі – халыққа, елге және бейбітшілік мұраттарына адал қызмет етудің жарқын үлгісі. Олжас Сүлейменов – сөзі әдебиет шеңберінен әлдеқайда асып, тұтас қоғамдық ойға ықпал еткен тұлғалардың бірі. «Аз и Я» секілді іргелі еңбектері арқылы ол ұлттық тарих, тіл және рухани мұра мәселелерін терең зерделеп, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің әлемдік деңгейде танылуына зор үлес қосты. Оның қоғамдық қызметі де ерекше мәнге ие. Бұл ретте халықаралық «Невада – Семей» антиядролық қозғалысын құру бастамасының орны бөлек. Аталған қозғалыс жоғары азаматтық жауапкершіліктің, бейбітшілікке ұмтылыстың және адамзат болашағын қорғаудың символына айналып, халықаралық қоғамдастық тарапынан кеңінен мойындалды. Осындай бірегей тұлғалардың мұрасын сақтау және насихаттау – мемлекеттің мәдени саясатының маңызды бағыттарының бі
⚜️Бүгін ақын, Қазақстанның Халық жазушысы, Еңбек Ері, қоғам қайраткері, дипломат әрі түркі әлемінің көрнекті ойшылы Олжас Сүлейменов 90
18 мая18 мая
1 мин