Добавить в корзинуПозвонить
Найти в Дзене

Талдықорған қаласында - Алаш қозғалысының көрнекті өкілі М. Тынышбаевқа арналған облыстық дөңгелек үстел болып өтті

12 мамыр күні Алаш қозғалысының көрнекті өкілі, қазақтан шыққан теміржол инженері, Қоқан (Түркістан) автономиясының тұңғыш премьер-министрі Мұхамеджан Тынышбаевтың туғанына 147 жылдығына орай Жетісу облысының М. Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінің мұрындық болуымен - "Мұхамеджан Тынышбайұлы және Алаш мемлекеті: ұлттық қазына мен тарихи мұра" атты дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстелге - Мұхамеджан Тынышпаев жәйлі ізденуші азаматтар, Жетісу Университетінің оқытушылары, студенттері, жергілікті тарихшылар мен өлкетанушылар қатысты. Дөңгелек үстел барысында - Жомарт Игіман, Қажет Андас, Болат Есенғалиұлы, Елена Тынышпаева және Күлімкөз Теңізбайқызы аталмыш тақырып бойынша өз ізденістерімен бөлісті. Атап айтсақ: - Тарих ғылымының кандидаты Күлімкөз Теңізбайқызының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс барысында жазалаушылар қашқан қазақтардың Қытайдың Шыңжан аймағындағы Текес жеріне қоныс тепкені және осы аймақта қоныс тебуге мәжбүр болған қазақтарды елге қайтару жолында Мұхамедж

12 мамыр күні Алаш қозғалысының көрнекті өкілі, қазақтан шыққан теміржол инженері, Қоқан (Түркістан) автономиясының тұңғыш премьер-министрі Мұхамеджан Тынышбаевтың туғанына 147 жылдығына орай Жетісу облысының М. Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінің мұрындық болуымен - "Мұхамеджан Тынышбайұлы және Алаш мемлекеті: ұлттық қазына мен тарихи мұра" атты дөңгелек үстел болып өтті.

Дөңгелек үстелге - Мұхамеджан Тынышпаев жәйлі ізденуші азаматтар, Жетісу Университетінің оқытушылары, студенттері, жергілікті тарихшылар мен өлкетанушылар қатысты.

Дөңгелек үстел барысында - Жомарт Игіман, Қажет Андас, Болат Есенғалиұлы, Елена Тынышпаева және Күлімкөз Теңізбайқызы аталмыш тақырып бойынша өз ізденістерімен бөлісті.

Атап айтсақ:

- Тарих ғылымының кандидаты Күлімкөз Теңізбайқызының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс барысында жазалаушылар қашқан қазақтардың Қытайдың Шыңжан аймағындағы Текес жеріне қоныс тепкені және осы аймақта қоныс тебуге мәжбүр болған қазақтарды елге қайтару жолында Мұхамеджан Тынышпайұлының еңбегі ерекше айтылып өтті.

- Қажет Андас өз інденісі негізінде тапқан Азамат соғысы жылдары шығып тұрған Сарыарқа газетінде жарияланған Мұхамеджан Тынышпайұлы жәйлі мағлұматымен бөлісті.

- Мұхамеджан Тынышпайұлының тікелей ұрпағы Елена Тынышпаева атасы жәйлі ізденістерімен бөлісіп, дөңгелек үстелге қатысушыларға алғысын білдірді.

Жарыссөзге қатысқан басқа да азаматтар өз пікірлерімен бөлісіп, Мұхамеджан Тынышпаев есімін халық жадында қалдыру үшін Алматы қаласындағы теміржол вокзолдардың біріне беру бастамасын көтерді.

Осыдан бірнеше жыл бұрын Мұхамеджан Тынышпаев есімін Талдықорған қаласындағы мектептердің біріне беру бастамасы көтерілген болатын. Әзірше бұл бастама - бұл бастама күйінде қалып отыр. Мүмкін болашақта берілер.

Жалпы, ХХ ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ тарихында ойып тұрып орын алатын Мұхамеджан Тынышпаев есімін ұлықтап, насихаттап, көркем фильм түсіріп жатсақ да артық емес. Алдыда М. Тынышпаевтың 150 жылдығы келе жатыр

-2

-3

-4

-5

-6