Добавить в корзинуПозвонить
Найти в Дзене

Қырғызстан 15 томдық ұлттық тарихын жазуды бастады

Қырғыздар - қазақтардан үлгі алды ма? Белгісіз. Қырғыз ұлттық тарихының 15 томдығын жазуды бастады. Қырғызстандық фейсбук ақпараттық желісінде тараған ақпараттарға сүйенсек - Қырғызстан қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әділет Оразбековтың зиялы қауым өкілдері мен қырғыз академиялық тарихшыларымен кездесуде - Қырғызстанның ұлттық тарихының 15 томдығын жазу мәселесі қаралғандығы айтылады. Қазақстанда бұл үрдіс Мемлекеттік кеңесші Ерлан Каринның үйлестіруімен жүзеге асқан. Бұған дейін Қырғыз тарихының 5 томдығы Кеңестік кезеңде 1984 жылы жазылған. 2017 жылы жаңартылған. Фейсбук желісінде бұл ақпаратқа үн қосушы қарапайым Қырғызстандық азаматтар көптеп пікір қалдыруда. 15 томға әркім өзінің жобасын ұсынуда. Бұл 15 томнан кезеңдері анық орын алғанымен, қалғаны - қырғыз халқының антропологиялық түр-сипаты, лингвистикалық ерекшелігі, қоныстану аймағы, ру-тайпалық құрылымы, топонимикалық атаулар, эпостық жырлар (санжыралар) және тұрмыс-салты бір-бір томнан орын алатын шығар. Қырғыз ұлттының 15 т

Қырғыздар - қазақтардан үлгі алды ма? Белгісіз. Қырғыз ұлттық тарихының 15 томдығын жазуды бастады.

Қырғызстандық фейсбук ақпараттық желісінде тараған ақпараттарға сүйенсек -

Қырғызстан қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әділет Оразбековтың зиялы қауым өкілдері мен қырғыз академиялық тарихшыларымен кездесуде - Қырғызстанның ұлттық тарихының 15 томдығын жазу мәселесі қаралғандығы айтылады.

Қазақстанда бұл үрдіс Мемлекеттік кеңесші Ерлан Каринның үйлестіруімен жүзеге асқан.

Бұған дейін Қырғыз тарихының 5 томдығы Кеңестік кезеңде 1984 жылы жазылған.

2017 жылы жаңартылған.

Фейсбук желісінде бұл ақпаратқа үн қосушы қарапайым Қырғызстандық азаматтар көптеп пікір қалдыруда. 15 томға әркім өзінің жобасын ұсынуда.

Бұл 15 томнан

  • Тәуелсіз Қырғызстан кезеңі 1991 - ,...
  • Кеңестік Қырғызстан - Қара-қырғыз автономиялық облысынан - ҚырғызКСР аралығы. 1917/1925 - 1991 жж.
  • Ресей Отарлығы кезеңі. 1855-1917 жж.
  • Қоқан хандығының кезеңі 1700 - 1876 жж.
  • Мұхамед қырғыз-дан - Орман ханға дейін
  • Енисей қырғыздарының тарихы
  • Үйсіндер мемлекеті

кезеңдері анық орын алғанымен, қалғаны - қырғыз халқының антропологиялық түр-сипаты, лингвистикалық ерекшелігі, қоныстану аймағы, ру-тайпалық құрылымы, топонимикалық атаулар, эпостық жырлар (санжыралар) және тұрмыс-салты бір-бір томнан орын алатын шығар.

Қырғыз ұлттының 15 томдық тарихынан Қарахан мемлекеті кезеңі айырықша орын алып қалуы мүмкін. Себебі, қырғыздар Қарахан мемлекетінің астаналарының бірі Баласағұн қаласын өзінің аумағында орналасқан деп есептейді

Суреттер ғаламтордан алынды