Нарықтың ашықтығын күшейту, үлескерлердің құқықтарын қорғау, көлеңкелі схемаларды жою, сондай-ақ адал құрылыс салушылар мен қаржы институттарын ынталандыру үшін құқықтық жағдайлар жасау үшін заңнамалық нормалар қабылданды. Атап айтқанда, егер үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсат болмаса, объектілерді жарнамалауға тыйым салынады. Бұдан басқа, ҚР ӨҚМ Құрылыс істері және ТКШ комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбековтің айтуынша, қазіргі уақытта 4 жаңа НҚА әзірленіп жатыр, сондай-ақ қолданыстағы 7 НҚА-ға өзгерістер енгізілуде. Мысалы, үлескерлердің ақшалай қаражатын тартуға рұқсат беру жөніндегі мемлекеттік қызметті электрондық форматқа толық ауыстыру үшін тиісті НҚА-ға өзгерістер енгізу көзделген. «Халыққа қолайлы болуы үшін eGov mobile электрондық үкіметінің және екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларында үлестік қатысумен салынып жатқан объектілерді тексеру сервисі іске қосылды», – деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында. 🔶Защита прав дольщиков: цифровизаци
🔶Үлескерлердің құқықтарын қорғау: цифрландыру, НҚА-ны модернизациялау
3 февраля3 фев
1 мин