Жасанды интеллект біртіндеп базалық сауаттылыққа айналуда. Қазақстан бұл бағытта Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттар және жаңа білім беру бағдарламалары арқылы жүйелі түрде алға жылжып келеді. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова хабарлады. Сондай-ақ ЖИ, инжиниринг және цифрлық технологиялар бағыттары бойынша жаңа білім беру бағдарламалары іске қосылды. «Қазіргі таңда 30 жоғары оқу орнында жасанды интеллектіге арналған 42 білім беру бағдарламасы енгізілді, олардың қатарында: «Қолданбалы ЖИ», «ЖИ және блокчейн инженериясы», «Медицинадағы ЖИ» және т.б. бағдарламалар бар. Онда бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейлерінде 3 мыңға жуық студент білім алуда», - деді спикер баспасөз конференциясында. Сонымен қатар, профессор-оқытушылар құрамының 54%-дан астамы ЖИ бойынша оқудан өтті. 🔶В 95 вузах введены дисциплины по ИИ Искусственный интеллект постепенно становится базовой грамотностью. Казахстан последовательно пр
🔶Бүгінде 95 жоғары оқу орнында ЖИ-ге қатысты пәндер енгізілді
ВчераВчера
1 мин