Аустралия кейінгі 30 жылда болмаған ең ауыр қарулы шабуылдың куәсі болды. 14 желтоқсан күні Сиднейдегі әйгілі Бонди-Бич жағажайында еврей халқының Ханука мерекесін тойлау кезінде қарулы шабуыл жасалып, 15 адам қаза тапты. Тағы ондаған адам жараланды. Ел билігі бұл оқиғаны теракт әрі антисемиттік бағыттағы қасақана шабуыл деп бағалап отыр.
Шабуыл қалай болды?
Жексенбіде кешкі сағат 18:47-де Сидней полициясына Бонди-Бич маңындағы шағын саябақта атыс болып жатқаны туралы хабар түскен. Бұл жерде Chabad of Bondi еврей орталығы ұйымдастырған Ханука мерекесіне мыңнан астам адам жиналған еді. Көпшілігі — балаларымен келген отбасылар.
Ханука — иудаизмдегі маңызды діни мейрам, ол Иерусалимдегі Екінші ғибадатхананың б.з.д. II ғасырда қайта қасиеттелуін еске алу үшін тойланады. Аңыз бойынша, ғибадатханадағы мәшһүр шамшырақты (менора) жағуға жететін май бір күнге ғана жетуі тиіс болған, алайда ол ғажайып түрде 8 күн бойы сөнбей жанған. Осыған байланысты Ханука сегіз күн атап өтіледі: әр ке