Қадірлі ағайын! Қасиетті Отанымыз – туған еліміздің Тәуелсіздік күні құтты болсын! Тәуелсіздік – ата-бабамыздың сан ғасырлық арманы, бүгінгі және келер ұрпақтың еркіндігі мен елдігінің, бірлігі мен болашағының берік негізі. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан бейбітшілік пен келісімді ту еткен, әлемдік қауымдастықта өз орны бар мемлекет ретінде қалыптасты. Осы жылдар ішінде тұтас елімізбен бірге Ақтөбе өңірі де әлеуметтік-экономикалық, мәдени және рухани бағытта айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Бұл – ел бірлігінің, ортақ мақсат жолында жұмылған жерлестеріміздің қажырлы еңбегінің нәтижесі. Мемлекет басшысы барша отандастарымызға арнаған бүгінгі құттықтауында қазіргі жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформалардың нәтижесінде зор табысқа жетіп, жан-жақты жаңғыруға бағытталған стратегиялық бағдарымыздан ауытқымай, Әділетті, Күшті, Таза, Қауіпсіз Қазақстанды құратынымызға сенім білдірді. Құрметті жерлестер! Азат елде өмір сүру – бұл тек мақтаныш қана емес, үлкен міндет. Себебі е
⚜️Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың Тәуелсіздік күнімен құттықтауы
16 декабря 202516 дек 2025
1 мин