Найти в Дзене

🔶Қазақстанда инклюзивті саясат тұжырымдамасы іске асырылуда: мүгедектіктің әлеуметтік-құқық қорғау моделіне көшу

Қазіргі уақытта Қазақстанда 750 мыңнан астам мүгедектігі бар адам тұрады. Оның ішінде 630 мыңнан астамы – 18 жастан асқандар, 120 мыңы – балалар. 2025 жылдан бастап Инклюзивті саясат тұжырымдамасы іске асырылуда, ол мүгедектіктің дәстүрлі әлеуметтік және медициналық моделінен әлеуметтік-құқық қорғау моделіне көшуді көздейді. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегайдың айтуынша, жаңа модельді енгізу жұмыспен қамту және әлеуметтік қызметтер сапасын арттыруға, мүгедектігі бар адамдардың экономикалық дербестігі деңгейіне қол жеткізуге ықпал етеді. Тұжырымдаманың 13 бағыты бойынша мемлекеттік органдар әкімдіктермен бірлесіп 52-ден астам іс-шараны іске асырады. «Жаңа әлеуметтік-құқық қорғау моделіне сәйкес мүгедектігі бар адамдарға қатысты кемсітушілік нормаларды жою мақсатында ұлттық заңнама қайта қаралады», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында. Атап айтқанда, Әлеуметтік кодекске, автомобиль көлігі туралы, міндетті әлеуметтік медициналық сақ

🔶Қазақстанда инклюзивті саясат тұжырымдамасы іске асырылуда: мүгедектіктің әлеуметтік-құқық қорғау моделіне көшу

Қазіргі уақытта Қазақстанда 750 мыңнан астам мүгедектігі бар адам тұрады. Оның ішінде 630 мыңнан астамы – 18 жастан асқандар, 120 мыңы – балалар.

2025 жылдан бастап Инклюзивті саясат тұжырымдамасы іске асырылуда, ол мүгедектіктің дәстүрлі әлеуметтік және медициналық моделінен әлеуметтік-құқық қорғау моделіне көшуді көздейді.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегайдың айтуынша, жаңа модельді енгізу жұмыспен қамту және әлеуметтік қызметтер сапасын арттыруға, мүгедектігі бар адамдардың экономикалық дербестігі деңгейіне қол жеткізуге ықпал етеді. Тұжырымдаманың 13 бағыты бойынша мемлекеттік органдар әкімдіктермен бірлесіп 52-ден астам іс-шараны іске асырады.

«Жаңа әлеуметтік-құқық қорғау моделіне сәйкес мүгедектігі бар адамдарға қатысты кемсітушілік нормаларды жою мақсатында ұлттық заңнама қайта қаралады», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Атап айтқанда, Әлеуметтік кодекске, автомобиль көлігі туралы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және медициналық қызметтер көрсету мәселелері бойынша заңдарға түзетулер енгізілді. Бұдан басқа, 2026-2028 жылдарға арналған мүгедектігі бар адамдардың құқықтық қорғалуын арттыру және сайлау процесінде олардың құқықтарын қамтамасыз ету бойынша ОСК мен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы бойынша Жол карталары бекітілді.

🔶В Казахстане реализуется Концепция инклюзивной политики: переход на социально-правозащитную модель инвалидности

В настоящее время в Казахстане более 750 тыс. человек имеют инвалидность. Из них старше 18 лет – более 630 тыс. человек, детей – 120 тыс. С 2025 года реализуется Концепция инклюзивной политики в Республике Казахстан, которая предусматривает переход от традиционной социальной и медицинской модели к социально-правозащитной модели инвалидности. По словам вице-министра труда и социальной защиты населения РК Виктории Шегай, внедрение новой модели способствует повышению качества занятости и социальных услуг, достижению уровня экономической самостоятельности лиц с инвалидностью. По 13 направлениям Концепции госорганами совместно с акиматами будет реализовано свыше 52 мероприятия.

«В соответствии с новой социально-правозащитной моделью проводится пересмотр национального законодательства с целью устранения дискриминирующих норм в отношении лиц с инвалидностью», - сказала спикер на пресс-конференции в СЦК.

В частности, внесены поправки в Социальный кодекс, законы об автомобильном транспорте, по вопросам обязательного социального медицинского страхования и оказания медуслуг. Кроме того, утверждены дорожные карты по повышению правовой защищенности лиц с инвалидностью на 2026 – 2028 годы, а также по взаимодействию ЦИК и госорганов по обеспечению прав лиц с инвалидностью в избирательном процессе.

@ortcom_kz #CCS