🔶Ваучерлік жүйе процестердің ашықтығын қамтамасыз етіп, балабақшалардағы кезектілікті қысқартты – Оқу-ағарту министрлігінің өкілі Мектепке дейінгі білім беру саласында қолжетімділікті, қызмет сапасын және ашықтықты арттыру мақсатында 2024 жылдан бастап мектепке дейінгі ұйымдарда ваучерлік қаржыландыру пилоттық жобасы іске асырылуда. Пилоттық жобаға 20 қала, 16 аудан қосылды. «Қазіргі таңда ваучерлік қаржыландыру арқылы 5 231 балабақшаға 726 мың ваучер берілді. Нәтижесінде жыл басынан бері 21 млрд теңге бюджет қаражаты үнемделіп, жаңа ваучерлерді қаржыландыруға мақсатты түрде жұмсауға бағытталды. Бұл қадам кезектілікті 44%-ға қысқартуға мүмкіндік берді», - деді ҚР оқу-ағарту бірінші вице-министрі Майра Мелдебекова ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында. Оның айтуынша, ваучерлік жүйе процесстердің ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Жаңа жүйе «ақша баламен бірге жүреді» принципі бойынша жұмыс жасайды. Ата-аналарға таңдауды өздері жасауға және балабақшаны ауыстыруға мүмк
🔶Ваучерлік жүйе процестердің ашықтығын қамтамасыз етіп, балабақшалардағы кезектілікті қысқартты – Оқу-ағарту министрлігінің өкілі
11 декабря11 дек
1 мин