Автор:Бағдәулет Марфуға,Әділхан Әсел
Меңгеруші:Асыкбаева Лаззат Пазылбековна
Оқу орны немесе ұйым: Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті, Биоэтика және биостатистика кафедрасы, Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы
E-mail:ayatoimpact9gmail.com
ТҮЙІНДЕМЕ
Кіріспе.
Цифрлық денсаулық (mHealth) шешімдері жасөспірімдердің салауатты өмір салтын қалыптастыруда жаңа мүмкіндіктер ұсынады.
Зерттеу мақсаты: Мобильді қосымшалардың жасөспірімдер арасында қолданылу ерекшеліктерін зерттеу, олардың физикалық белсенділік пен психологиялық тұрақтылыққа әсерін бағалау.
Материалдар мен әдістер: Зерттеу 2025 жылдың қаңтар–сәуір айларында Алматы қаласындағы білім беру орындарының 14–18 жас аралығындағы 250 оқушысы мен студенті арасында жүргізілді. Деректерді жинау үшін арнайы әзірленген онлайн сауалнама (количественный талдау) және жартылай құрылымданған сұхбат (сапалық талдау) қолданылды. Статистикалық талдау SPSS 26 және сапалық талдау NVivo бағдарламалары арқылы жүргізілді.
Нәтижелері: Респонденттердің 68,0%-ы денсаулыққа арналған қосымшаларды пайдаланатыны анықталды. Қолданылатын қосымшалар ішінде ең көп үлес фитнес (41%) және тамақтануды бақылау (25%) құралдарына тиесілі. Тұрақты қолданушылардың 58,0%-ында физикалық белсенділік, 51,0%-ында ұйқы сапасы және 45,0%-ында көңіл-күй тұрақтылығы жақсарған. Сапалық талдау қолданудағы негізгі кедергілер ретінде қазақ тіліндегі контенттің жоқтығын және мотивацияның төмендеуін көрсетті.
Қорытынды: Мобильді қосымшалар жасөспірімдер денсаулығын нығайтуда тиімділігі жоғары құрал. Алайда, олардың Қазақстандағы қолданылуын арттыру үшін ұлттық мәдениетке, тілге бейімделген және тегін қосымшаларды әзірлеу қажет. Бұл зерттеу mHealth стратегиясын әзірлеу үшін маңызды деректер береді.
Түйінді сөздер: жасөспірімдер, мобильді қосымша, mHealth, денсаулық, цифрлық технология, физикалық белсенділік, психологиялық тұрақтылық, Қазақстан.
РЕЗЮМЕ
МОБИЛЬНЫЕ ПРИЛОЖЕНИЯ ДЛЯ ЗДОРОВЬЯ ПОДРОСТКОВ: ОПЫТ ИСПОЛЬЗОВАНИЯ И ОЦЕНКА ЭФФЕКТИВНОСТИ
Введение. Цифровое здоровье (mHealth) предлагает новые возможности для формирования здорового образа жизни среди подростков.
Цель исследования – изучить особенности использования мобильных приложений среди подростков и оценить их влияние на физическую активность и психологическую устойчивость.
Материал и методы: Исследование проводилось с января по апрель 2025 года среди 250 учащихся и студентов в возрасте 14–18 лет из образовательных учреждений города Алматы. Для сбора данных использовались специально разработанная онлайн-анкета (количественный анализ) и полуструктурированное интервью (качественный анализ). Статистический анализ осуществлялся с помощью программы SPSS 26, а качественный – с использованием NVivo.
Результаты: Установлено, что 68,0% респондентов используют приложения, предназначенные для здоровья. Наибольшая доля приходится на фитнес-приложения (41%) и инструменты для контроля питания (25%). Среди постоянных пользователей у 58,0% наблюдалось улучшение физической активности, у 51,0% – качества сна, а у 45,0% – стабилизация настроения. Качественный анализ выявил основные барьеры в использовании: отсутствие контента на казахском языке и снижение мотивации.
Заключение: Мобильные приложения являются высокоэффективным инструментом укрепления здоровья подростков. Однако для повышения их использования в Казахстане необходимо разрабатывать адаптированные к национальной культуре и языку, а также бесплатные приложения. Проведённое исследование предоставляет важные данные для разработки стратегии mHealth.
Ключевые слова: подростки, мобильное приложение, mHealth, здоровье, цифровые технологии, физическая активность, психологическая устойчивость, Казахстан.
ABSTRACT
Introduction. Digital health (mHealth) solutions offer new opportunities for promoting a healthy lifestyle among adolescents.
The aim of the study was to explore the patterns of mobile application use among adolescents and to assess their impact on physical activity and psychological resilience.
Methods: The study was conducted from January to April 2025 among 250 students aged 14–18 from educational institutions in Almaty. Data were collected using a specially designed online questionnaire (quantitative analysis) and semi-structured interviews (qualitative analysis). Statistical analysis was performed using SPSS 26, and qualitative analysis was carried out with NVivo software.
Results: It was found that 68.0% of respondents use health-related applications. The largest share belongs to fitness (41%) and nutrition tracking (25%) tools. Among regular users, 58.0% reported improved physical activity, 51.0% better sleep quality, and 45.0% greater emotional stability. Qualitative analysis revealed key barriers to use, including the lack of content in the Kazakh language and decreased motivation.
Conclusion: Mobile applications are an effective tool for strengthening adolescent health. However, to increase their adoption in Kazakhstan, it is necessary to develop free applications adapted to the national culture and language. This study provides important insights for developing an mHealthstrategy.
Keywords: adolescents, mobile application, mHealth, health, digital technology, physical activity, psychological resilience, Kazakhstan.
Библиографиялық сілтеме:
Бағдәулет М., Әділхан Ә. Жасөспірімдер денсаулығына арналған мобильді қосымшалар: қолданылу тәжірибесі және тиімділігін бағалау // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2025. 3 (Т.27). Б. 45–50. doi: 10.56789/SH.2025.27.3.006
Кіріспе
Жасөспірімдік кезең (10-19 жас) – физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік өзгерістерге толы өмірлік кезең. ДДҰ мәліметтері бойынша, созылмалы аурулардың даму қаупін тудыратын көптеген қауіпті мінез-құлықтар осы кезеңде қалыптасады. Осы уақытта салауатты өмір салтын ұстанбау болашақта семіздік, жүрек-қан тамыр аурулары және психикалық бұзылыстардың даму қаупін арттырады [2].
Цифрлық трансформация дәуірінде mHealth (мобильді денсаулық) технологиялары жасөспірімдерге өз денсаулығын бақылауға және басқаруға мүмкіндік беретін тиімді құралға айналды. Смартфондарды қолдану жиілігінің жоғары болуына байланысты, мобильді қосымшалар арқылы физикалық белсенділікті арттыру, дұрыс тамақтануды реттеу, ұйқы режимін бақылау және эмоционалды тұрақтылықты сақтау жеңілдей түсті [3, 4]. Бұл құралдар дәстүрлі медициналық көмекке қолжетімділігі шектеулі жағдайларда да маңызды рөл атқарады.
Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы (ДДҰ) mHealth технологияларын жастар арасында денсаулықты нығайтудың инновациялық әдісі ретінде қарастырып, оны Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарына (SDG 3: "Салауатты өмір салтын қамтамасыз ету") жету құралы ретінде ұсынады [5].
Қазақстан жағдайында мұндай цифрлық құралдарды бейімдеу мен тиімділігін бағалау – жастардың денсаулығын қолдау саласында маңызды бағыт. Қазақстандық жасөспірімдердің мобильді қосымшаларға деген қажеттіліктерін, оларды қолдану жиілігін және олардың денсаулыққа әсерін зерттеу арқылы отандық mHealth экожүйесін дамытуға негіз қаланады.
Зерттеу мақсаты:
Жасөспірімдер денсаулығына арналған мобильді қосымшаларды қолдану тәжірибесін зерттеу, олардың физикалық және психологиялық жағдайға әсерін бағалау, сондай-ақ қолданушылардың негізгі қажеттіліктері мен кездесетін тілдік-мәдени кедергілерді анықтау.
Материалдар мен әдістер:
Зерттеу кешенді әдіснаманы қолдану арқылы (аралас әдіс) 2025 жылдың қаңтар–сәуір айлары аралығында Алматы қаласындағы төрт орта мектеп пен екі колледжде жүргізілді. Қатысушылар: 14–18 жас аралығындағы 250 жасөспірім (n=250).
Сауалнама:
Сауалнама үш негізгі блоктан тұрды:
Демографиялық мәліметтер: жас, жыныс, оқу орны түрі және смартфон иелену деңгейі.
1. Қолданылатын қосымшалар мен тәжірибе: қолданылатын қосымшалардың түрлері, қолдану жиілігі, қолдану ұзақтығы (айлар/жылдар), қосымшаны таңдау критерийлері.
2. Денсаулық жағдайына өзіндік баға: IPAQ (International Physical Activity Questionnaire)-тың қысқаша нұсқасымен физикалық белсенділік бағаланды; PSQI (Pittsburgh Sleep Quality Index) шкаласымен ұйқы сапасының өзгерісі және PHQ-9 (Patient Health Questionnaire) негізінде көңіл-күй тұрақтылығы мен стресс деңгейі бағаланды.
Терең сұхбат (Сапалық әдіс):
Сауалнамадан кейін 30 қатысушымен (екі жыныстан теңдей) жартылай құрылымданған сұхбат жүргізілді. Сұхбаттардың мақсаты – қосымшаны пайдалану кезіндегі мотивация, кедергілер, ұсыныстар және қазақ тіліндегі контентке деген қажеттілік туралы терең түсінік алу.
Мәліметтерді талдау:
Количественный мәліметтер SPSS 26 бағдарламасында талданды. Орташа мәндер, пайыздық үлес және \chi^2 критерийі арқылы қосымша қолдану мен денсаулық көрсеткіштері арасындағы статистикалық маңызды байланыстар тексерілді. Сапалық мәліметтер NVivo бағдарламасында мазмұндық талдау әдісімен сараланып, негізгі тақырыптар (themes) мен категорияларға бөлінді.
Зерттеу барысында этика комитетінің (ҚазҰМУ) рұқсаты алынып, қатысушылардың жеке деректерінің құпиялылығы сақталды.
НӘТИЖЕЛЕР
1. Демографиялық және Қолдану жиілігі
Қатысушылардың 52,8%-ы қыз, 47,2%-ы ұл балалар болды. Жасөспірімдердің басым бөлігі (68,0%) денсаулыққа арналған мобильді қосымшаларды пайдаланатынын көрсетті. Бұл көрсеткіш басқа елдермен салыстырғанда жоғары деңгейді көрсетеді.
Қолданылатын қосымшалардың негізгі түрлері мен олардың таралуы:
Қосымша түрі
Пайыздық үлесі (%)
Сипаттамасы
Фитнес және қозғалыс бақылау
41,0
Қадамдарды, жүгіруді, жаттығуларды есептеу.
Тамақтану және калория санау
25,0
Диетаны бақылау, калорияны есептеу, су ішу режимі.
Ұйқы мен тынығуды бақылау
17,0
Ұйқы сапасын өлшеу, медитация және тыныс алу жаттығулары.
Психикалық денсаулық қосымшалары
15,0
Стрессті басқару, көңіл-күй журналы, депрессияны бақылау.
2. Денсаулық көрсеткіштерінің өзгерісі
Қосымшаларды күн сайын немесе аптасына 4 реттен жиіқолданатындар тобында келесі оң өзгерістер байқалды (P < 0.05):
• Физикалық белсенділіктің артуы — 58,0%;
• Ұйқы сапасының жақсаруы (ұйқыға кету уақытының қысқаруы) — 51,0%;
• Көңіл-күй тұрақтылығының жақсаруы (стресс деңгейінің төмендеуі) — 45,0%.
3. Сапалық талдау нәтижелері
Терең сұхбат нәтижелері бойынша қолдану тәжірибесіне қатысты үш негізгі тақырып (тақырып) анықталды:
1. Ыңғайлылық және дизайн: Респонденттердің көпшілігі қосымшалардың визуалды дизайнын, қарапайым интерфейсін және ақпаратты график түрінде беруін жоғары бағалады. ("Өз жетістігіңді графикпен көру мотивация береді," - 16 жастағы оқушы).
2. Мотивация және геймификация: Қосымшалардың жетістіктер жүйесі (badges), мақсат қою функциясы және достармен салыстыру мүмкіндігі (әлеуметтік бәсекелестік) тұрақты қолдануға ынталандыратын басты фактор болды.
3. Қиындықтар және талаптар: Негізгі қиындықтар қазақ тіліндегі контенттің мүлдем болмауы (немесе сапасыз аударма), жарнаманың көптігі және пайдалы функциялардың ақылы болуы (Premium нұсқа) болып табылады. Жасөспірімдер ұлттық тағамдарға арналған калория санағыш және қазақша медитация жаттығуларының қажеттілігін атап өтті.
ТАЛҚЫЛАУ
Алынған нәтижелер жасөспірімдер арасында mHealth-ке деген жоғары қызығушылықты (68%) көрсетеді. Бұл көрсеткіш АҚШ пен Оңтүстік Кореяда жүргізілген зерттеулердің орташа деңгейімен (60–70%) сәйкес келеді [7, 9]. Бұл жастардың денсаулықты бақылау үшін цифрлық құралдарды таңдауға дайын екенін білдіреді.
Зерттеу нәтижелері бойынша, мобильді қосымшаларды тұрақты қолданушылардың физикалық белсенділік пен ұйқы сапасының жақсаруы — қосымшалардың денсаулыққа оң және өлшенетін әсерінің дәлелі. Бұл нәтижелер mHealth технологияларының алдын алу медицинасы саласындағы әлеуетін растайды.
Алайда, зерттеудің ең маңызды нәтижесі – тілдік және мәдени кедергілерді анықтау. Қазіргі таңдағы қосымшалардың көпшілігі ағылшын немесе орыс тілдерінде болғандықтан, қазақ тілді жасөспірімдер үшін олардың тиімділігі шектеледі. Қазақ тіліндегі, жергілікті тағамдарды қамтитын және ұлттық мәдениетке бейімделген қосымшаларды жасау — қосымшаның қабылдануы мен ұзақ мерзімді қолданылуына шешуші әсер етеді.
Мотивацияның төмендеуі және ақылы контентке қолжетімділіктің болмауы қосымшаны тоқтатудың негізгі себептері болып табылады. Осы мәселелерді шешу үшін, mHealth қосымшаларын мемлекеттік және жеке серіктестік негізінде, білім беру және медициналық мекемелермен бірлесіп дамыту қажет [15]. Бұл қосымшаларды кеңінен таратуға және олардың сапасын бақылауға мүмкіндік береді.
ҚОРЫТЫНДЫ
1. Жасөспірімдердің басым бөлігі (68,0%) денсаулыққа бағытталған мобильді қосымшаларды белсенді қолданады, олардың ішінде ең танымалы – фитнес және тамақтануды бақылау қосымшалары.
2. Қосымшаларды жүйелі пайдалану физикалық белсенділікті, ұйқы сапасын және психикалық саулықты айтарлықтай жақсартуға ықпал етеді.
3. Тиімді қолданудың басты факторлары – жетістіктер жүйесі (геймификация) және интерфейстің ыңғайлылығы.
4. Қазақстандық жағдайдағы негізгі кедергі – қазақ тіліндегі контенттің болмауы.
5. Қазақстанда жасөспірімдерге арналған қазақ тіліндегі, тегін және қолжетімді мобильді қосымшаларды әзірлеу өзекті міндет болып табылады.
Түйінді сөздер: жасөспірімдер, мобильді қосымша, денсаулық, цифрлық технология, mHealth, физикалық белсенділік, психологиялық тұрақтылық, жастар саулығы, тілдік бейімдеу.
ӘДЕБИЕТТЕР (20)
1. Individual and Parental Factors of Adolescents’ mHealth App Use. Front Public Health. 2024.
2. Use of mobile apps and technologies in child and adolescent mental health. BMC Health Services Research. 2023.
3. Acceptability of Smartphone Apps for Adolescent Health Promotion. JMIR Mental Health. 2023.
4. Mobile Technologies for Supporting Mental Health in Youths. J Adolesc Health. 2024.
5. WHO. mHealth: New horizons for health through mobile technologies. Geneva: WHO Press; 2020.
6. Understanding Mobile Health and Youth Mental Health. mHealth Journal. 2023.
7. Exploring Adolescents’ Attitudes Toward Mental Health Apps. JMIR Formative Research. 2024.
8. Digital Mental Health Interventions for Adolescents. Front Psychiatry. 2022.
9. mHealth App Features Facilitating Adolescent Use. J Med Internet Res. 2025.
10. Mobile Health Applications: Awareness and Practices. BMC Med Educ. 2022.
11. Artificial Intelligence in Mobile Mental Health Apps. BMC Psychiatry. 2023.
12. Effectiveness of mHealth Interventions Targeting Physical Activity. Front Digital Health. 2025.
13. Mobile Applications in Adolescent Psychotherapy. Front Public Health. 2024.
14. Mobile Applications for Monitoring Adolescent Mental Health. ResearchGate. 2024.
15. Using mHealth to Promote Self-Managed Health. Health Informatics J. 2021.
16. Mental Health Monitoring Apps for Depression and Anxiety. Soc Sci Med. 2022.
17. Mixed-Methods Study of Development Needs in Youth Health Apps. mHealth AME. 2024.
18. Effectiveness and Characteristics of mHealth Interventions. PLOS ONE. 2023.
19. Digital Behavior Change Tools for Youth. J Pediatr Psychol. 2022.
20. Smartphone Health Apps for Adolescents: A Review. Lancet Digital Health. 2024.
БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ:
Автор:Бағдәулет Марфуға,Әділхан Әсел.
Оқу орны немесе ұйым: Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті,Биоэтика және биостатистика кафедрасы.
Мекенжай: Алматы қаласы, Қазақстан
E-mail:ayatoimapact9@gmail.com
Телефон:87054133966,87001210807