Кейінгі күндері ирандық әлеуметтік желілер мен Telegram-дағы арналар «Иранда хиджаб кию енді міндетті емес» деген жаңалықпен дүрлікті. Дегенмен бұл ақпаратты ешбір әлемдік БАҚ, соның ішінде Reuters, AP немесе Al Jazeera сияқты жетекші агенттіктер растаған жоқ. Неліктен? Бұл сұраққа жауап беру үшін, алдымен бұл мәлімдеменің авторы кім екенін және ол қай деңгейдегі билік өкілі екенін түсіну маңызды.
Бахонер кім және не айтты?
Бұл сөз Иран саясатындағы тәжірибелі шенеунік — Мұхаммедреза Бахонердің аузынан шыққан. Ол — бұрынғы парламент вице-спикері және қазіргі таңда Иранның Мемлекет мүддесін айқындау кеңесінің (Expediency Discernment Council) мүшесі. Бұл кеңес Иран саяси құрылымындағы ықпалды институттардың бірі болып саналады.
Бахонер баспасөз мәслихатында былай деген:
«Қазіргі таңда жүйенің ортақ шешімі — хиджаб туралы заң бар, бірақ оны міндетті түрде орындау талап етілмейді».
Бір қарағанда, бұл — заң күшінде болғанымен, оны бұзғаны үшін жаза қолданылмайтынын білдіретін с