АҚШ Сенаты мемлекеттік шығындарды қаржыландыру туралы келісімге келе алмай, елде шатдаун басталды — мемлекеттік мекемелердің бір бөлігі жабылып, мыңдаған қызметкер ақысыз демалысқа жіберілді. Бұл кейінгі жеті жылдағы алғашқы шатдаун, ал себеп — Трамп әкімшілігі мен Конгрестегі демократтар арасындағы бюджеттік және әлеуметтік саясатқа қатысты келіспеушілік. Шатдаун ұғымы мен оның АҚШ экономикасына деген әсерін айтайық.
Шатдаун неден басталды?
Сенат мемлекеттік шығындарды қаржыландыру туралы екі заң жобасының бірін де қабылдай алмады — демократтардың да, республикалықтардың да нұсқасы өтпеді. Соның салдарынан елде шатдаун басталды, яғни кейбір мемлекеттік мекемелер уақытша жұмысын тоқтатты. Мыңдаған қызметкер ақысыз демалысқа жіберілді. Бұл үкіметтің толық тоқтауы емес, бірақ саясаткерлер бюджетті бекіте алмай, елдің бір бөлігі «үкіметсіз» қалған жағдай.
Ақ үйдің Бюджет және басқару бюросы шатдаун басталғанын растап, оған демократтарды кінәлады. Олар мемлекеттік мекемелерге «жаб