Ауғанстан мен Пәкістан арасында соғыс оты тұтанды. Екі ел арасындағы эскалация кейінгі жылдары жиналып келе жатқан саяси, діни және әскери қайшылықтардың шегіне жеткенін көрсетеді.
Апта басында Ауғанстан Пәкістан аумағындағы бірнеше таулы аймаққа әуе және артиллериялық соққы жасады. Бұл ақпаратты кейінірек ел билігіндегі «Талибан» үкіметі растады. Қақтығыстағы адам шығыны әзірге белгісіз, бірақ куәгерлердің айтуынша, атыс түнгі сағат 22:00 шамасында басталып, шекара бойында ұзаққа созылған.
Кабул бұл әрекетті «жауап операциясы» деп сипаттады. Тәліптердің айтуынша, Пәкістан әскері Ауғанстанның әуе кеңістігін бұзып, бейбіт базарды бомбалаған. Ал Исламабад, керісінше, бұл шабуылды «еш себепсіз агрессия» деп атап, ауған күштерін бейбіт тұрғындарға оқ атты деп айыптады.
Пәкістанның ішкі істер министрі Мохсин Накви «Ауғанстан от пен қан ойынын бастап отыр» деп мәлімдеп, соққыға жауап берілетінін ескертті. Қақтығыстар Пәкістанның Куррам, Ангур-Ада, Баджаур, Дир, Читрал және Бахрамча