Құрметті ұстазым- Султангазина Жанат Жангабуловна!
Сізге айтар алғысым шексіз. Әрбір сабағыңызда тек қана пәнді емес, өмірге деген көзқарасты, адамгершілікті, адалдықты үйреттіңіз.
Сіз тек қана қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі емес, сонымен қатар 10-сыныптан бастап біздің сынып жетекшіміз болдыңыз. Бар болғаны екі жыл бірге болғанымызға қарамастан, осы қысқа уақыт ішінде сіз біздің тәрбиемізге үлкен үлес қосып, жүрегімізде өшпес із қалдырдыңыз.
Сізден алған тәлім – өмір бойы бізбен бірге жүретін рухани байлық.
Бүгінде өмірдің әр саласында жетістікке жеткен түлектеріңіз – ең үлкен еңбегіңіздің жемісі. Биылғы жылы сіздің кезекті түлектеріңіз университетті аяқтап, жаңа өмір жолына қадам басты. Сол қуанышты сәтте көпшілігі сізге хабарласып, өз алғыстарын айтып, сіздің еңбегіңізді еске алды. Бұл – ұстаздың ең үлкен жеңісі мен еңбегінің шынайы бағасы деп білемін.
Ұстаз – шырақ. Сіз біздің өмірімізге жарық түсіріп, жол көрсеткен аяулы жансыз. Осы мерекеде сізге мықты денсаулық, ұ