10 қыркүйекке қараған түні Қатар астанасы Дохада болған жарылыстар Таяу Шығыстағы геосаяси жағдайды одан әрі ушықтырды. Израиль бұл әрекетті ХАМАС басшылығына қарсы арнайы операция деп мәлімдесе, Қатар мен басқа да мемлекеттер мұны халықаралық құқық пен егемендікті өрескел бұзу деп бағалады.
Израильдің мотивтері: Иерусалимдегі терактке жауап
Израиль армиясы Дохадағы соққыны Иерусалимде болған қанды терактке тікелей жауап ретінде түсіндірді. 9 қыркүйекте автобус аялдамасында болған шабуылдан алты бейбіт тұрғын қаза тапқан еді. ХАМАС бұл әрекетті өз мойнына алды.
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мен қорғаныс министрі Исраэль Кацтың мәлімдеуінше, Дохадағы операция тек Израильдің бастамасымен жүзеге асқан.
«ХАМАС басшылығы 7 қазандағы қырғынға және жалғасып жатқан террорлық шабуылдарға тікелей жауапты», – делінген олардың бірлескен мәлімдемесінде.
Израильлік БАҚ дерегінше, соққы кезінде ХАМАС-тың жоғары лауазымды жетекшілері, соның ішінде Яхья әл-Хайя мен Ахмед Д