— Жамила, тағы да көктегі қанатын кең жайған құстарды бақылап отырсың ба? Жылы жаққа қайтқанда да, жылы жақтан ұшып келгенде де, басыңды жоғары көтеріп, көзіңді шарықтан алмайсың. Саған осы құстар менен қатты ұнайды-ау деймін, - деп жігіт сәл жымиды. — Иә, көкке де, құстарға да, олардың еркіндігіне де ғашықпын! — деп қыз ішкі сезімімен бөлісті. — Еркіндік? Адамда да еркіндік бар емес пе? — деп жігіт таңғалды. — Құстарға қарасам, Аллах оларға еркіндік берген екен. Адамда еркіндік бар, бірақ еркіндік деп нені танимыз. Көпке топырақ шашпайық, бірақ адамдар стереотиппен өмір сүреді. «Ұят болады, істеуге тыйым салынған, ел не дейді? Мен туралы не ойлайды?». Сонда еркіндік бар деп айта аламыз ба? Тіліңмен емес, біліміңмен жүгіретін заманда стереотип дегенді қойып, рухани дүниемізді байытып, жүрегіміздің қалауын орындасақ, өміріміз 180 градусқа өзгерер еді. Ал құстар шарықта қалықтайды, қанатын кең жаяды. — Қаласаң мен де қанатымды кең жаяйын, сені құшағыма алайын, - деп жігіт ізгі ниетін бі