Найти в Дзене
Aman Kozybayev

Достар, қазір нарықта жағдай өте қиын, көптеген компаниялардың сатылымдары күрт түсіп кеткен

Достар, қазір нарықта жағдай өте қиын, көптеген компаниялардың сатылымдары күрт түсіп кеткен. Ол тек жеке компанияларда ғана емес, халықаралық компаниялардың жағдайы да сондай. Сол себепті көптеген жобалар дивиденд төлеу түгіл, инвесторлардың ақшасын қайтармай жүр. Біз инвестиция жасаған жобалардағы жағдай: 1. Пилатес студиясы ~ қосымша кредит алып біздің инвесторлар алдында өз қарызын жапқан. ✅ 2. Ет дүкені ~ тоқтатпай дивиденд төлеп жатыр, бірақ әлі операциялық табысқа шыққан жоқ. ✔️ 3. Гүл бизнесіндегі e-commerce жоба Flora ~ жарты жыл бойы операциялық шығында. Бірақ барлық ақша активте (тауар). Сатылым көлемі операциялық табысқа шықпай тұр. Сол себепті график бойынша кредиторлық қарыз жабылған жоқ. Бұл мәселені шешу үшін мен шілде және тамыз айында барлық жұмыстарымды тастап, өз күшімді қосамын. Екі аптаның ішінде өзімнің жеке резервымнан тағы 10 млн теңге алып, кредиторлардың қарызының 1/4 бөлігін жабуға тырысамын. ——————- Қалған бөлікті бизнеске басымды қосып екі айдың ішін

Достар, қазір нарықта жағдай өте қиын, көптеген компаниялардың сатылымдары күрт түсіп кеткен. Ол тек жеке компанияларда ғана емес, халықаралық компаниялардың жағдайы да сондай. Сол себепті көптеген жобалар дивиденд төлеу түгіл, инвесторлардың ақшасын қайтармай жүр.

Біз инвестиция жасаған жобалардағы жағдай:

1. Пилатес студиясы ~ қосымша кредит алып біздің инвесторлар алдында өз қарызын жапқан. ✅

2. Ет дүкені ~ тоқтатпай дивиденд төлеп жатыр, бірақ әлі операциялық табысқа шыққан жоқ. ✔️

3. Гүл бизнесіндегі e-commerce жоба Flora ~ жарты жыл бойы операциялық шығында. Бірақ барлық ақша активте (тауар). Сатылым көлемі операциялық табысқа шықпай тұр. Сол себепті график бойынша кредиторлық қарыз жабылған жоқ.

Бұл мәселені шешу үшін мен шілде және тамыз айында барлық жұмыстарымды тастап, өз күшімді қосамын.

Екі аптаның ішінде өзімнің жеке резервымнан тағы 10 млн теңге алып, кредиторлардың қарызының 1/4 бөлігін жабуға тырысамын.

——————-

Қалған бөлікті бизнеске басымды қосып екі айдың ішінде жауып тастауға тырысып көремін.

Нарық асау айғыр, екі айдың ішінде бағындыра аламын ба жоқ па әзірше белгісіз.