Добавить в корзинуПозвонить
Найти в Дзене

Таяу Шығыста тағы да - Израиль мен Иран арасындағы жағдай ушыққалы жатыр

Соңғы кездері АҚШ мемлекеті Таяу Шығыс бойынша өкілдерін қысқарып, шақыртылып жатқандығы белгілі. Сарапшылар бұған Израиль мен Иран аумағындағы атом электр станцияларына соққы берейін деп жоспарлап жатқаны себепкер дейді. Бұған дейін Израиль мен Иран мемлекеттері бір-бірінің аумағына оқ жаудырған белгілі. Иран қолдауымен Йеменде билікке хуситтер қозғалысының Израиль мемлекетіне соққы жасап отыруыда - Израиль мемлекетіне маза бермей отырғаны белгілі. Таяу шығыс пен АҚШ және Израиль ақпарат құралдарының Иранның атом электр станцияларына соққы беру жоспары - Мамыр айының соңында жоспарланып, АҚШ билігінен қолдау таппады айтылған болатын. "Вашингтон пост" ақпараттың құралының мәлімдеуінше Израиль тарапы Иранға қарсы соққы беру жоспарын өз ұйғарымымен шеше отырып, АҚШ-тың қолдауынсыз шешейін деп отыр мәлімдегені белгілі. Бірақ АҚШ қорғаныс министрі Пит Хегсет Израиль мемлекетіне Иранға қарсы соққы беруге бейресми келісім бергендігін Таяу Шығыс ақпарат құралдары жарыса жазуда. Шамасы, Израил

Соңғы кездері АҚШ мемлекеті Таяу Шығыс бойынша өкілдерін қысқарып, шақыртылып жатқандығы белгілі. Сарапшылар бұған Израиль мен Иран аумағындағы атом электр станцияларына соққы берейін деп жоспарлап жатқаны себепкер дейді.

Бұған дейін Израиль мен Иран мемлекеттері бір-бірінің аумағына оқ жаудырған белгілі.

Иран қолдауымен Йеменде билікке хуситтер қозғалысының Израиль мемлекетіне соққы жасап отыруыда - Израиль мемлекетіне маза бермей отырғаны белгілі.

Таяу шығыс пен АҚШ және Израиль ақпарат құралдарының Иранның атом электр станцияларына соққы беру жоспары - Мамыр айының соңында жоспарланып, АҚШ билігінен қолдау таппады айтылған болатын.

"Вашингтон пост" ақпараттың құралының мәлімдеуінше Израиль тарапы Иранға қарсы соққы беру жоспарын өз ұйғарымымен шеше отырып, АҚШ-тың қолдауынсыз шешейін деп отыр мәлімдегені белгілі.

Бірақ АҚШ қорғаныс министрі Пит Хегсет Израиль мемлекетіне Иранға қарсы соққы беруге бейресми келісім бергендігін Таяу Шығыс ақпарат құралдары жарыса жазуда.

Шамасы, Израиль мемлекетіне Иран тарапының астыртын әрекеті себепкер болған секілді. Соңғы кездері Иран Ислам Республикасының ақпарат құралдары Израиль мемлекетінің құпия құжаттарына иеленгендігін айтуда.

Бұл мәселе бойынша Израиль мен АҚШ тарапының Кемп-Дэвидтегі кездесуі отқа май құйғандай болды.

Халықаралық атом қуаты бойынша МАГАТЭ агенттігінің Иран тарапына жаңа талаптары осы кездесу негізінде жүзеге асты ма? Ол жағы белгісіз?

"Нью-Йорк таймс" ақпараттық құралы - Израиль мемлекеті Иранға жақын арада соққы береді-деп мәлімдеп үлгерді.

Израильдің соққы беру жоспарына сәйкес Иранда жалпыұлттық "Әли ибн Әбу Талиб" әскери оқу жаттығуы басталып кетті. Әли ибн Абу Талиб - мұсылман қауымы үшін қасиетті тұлғалардың бірі төртінші халиф, пайғамбардың күйеубаласы. Иран халқының басым бөлігін құрайтын шиіттер үшін қасиетті тұлға, бірінші имам. Имам Әли - Иран Ислам Республикасының мемлекеттің идеологиясының негізгі тірегі. Иран Ислам Республикасының идеологиясы осы тұлға аясында жүзеге асады.

Иранда Израиль мемлекетінің соққысына қарсы "Әли ибн Әбу Талиб" әскери жаттығуынан басқа жанама түрде "Эктедар" әскери жаттығуыда басталып кетті. Жалпы Эктедар жаттығуы жыл сайын Наурыз айында өткізіліп тұрады. Бірақ өзгешелігі қазір екінші мәрте өткізілгелі жатыр.

Иран Ислам Республикасының қорғаныс министрі генерал Азиз Насирзаде ақпарат құралдарына берген сұхбатында - егер кикілжін бастала қалған жағдайда АҚШ-тың Таяу шығыстағы әскери базаларына соққы беретіндігін жариялапта үлгерді.

Израиль екінші мәрте Иранға шабуыл жасайма? Ал егер жасай қалған жағдайда - Иранның жауабы қандай болады? Бұл сұрақ Таяу Шығыс аймағындағы елдердің басты мәселесіне айналғаны - саяси топтардың мазасын кетіргені белгілі.

Таяу Шығыста - Иранды қолдайтын тек Йемен ғана қалды. Сириядағы жаңа билік - сыртқы қысымның нәтижесінде Израильмен келіссөз бастаса - Ливандағы "Хезболлах" ұйымы әлі өз қалпына келе қойған жоқ. Израиль мемлекеті Ливандағы "Хезболлах" ұйымының әскери базаларын бомбылауда.

Екі тараптың шабуылдары жойқын бола қойған жағдайда:

  • Израиль үшін қауіпті болуы мүмкін. Израиль мемлекетінің өзінің әскери қуатынан айырылып, аумағы кішірейіп қалуы мүмкін. Израиль мемлекеті жойыла қоймас. Бірақ Еврейлер Израильден көше бастауы мүмкін.
  • Егер экономикалық дағдарысты бастан кешіріп жатқан Иран үшін қауіпті болған жағдайда - бұл елдегі теократиялық режим ауысуға не азамат соғысына итермелеп кетуі мүмкін. Тіпті көршілес Ауғанстанға да әсер етіп, не Талибан билігін әлсіретіп не күшейтіп жіберуі мүмкін. Бірақ мұндай салдарға жеткізу үшін соққының қуатты әрі салдары ауыр болуы керек.

Соққы жасалған күнде - тараптардың 2024 жылғы Сәуір-Қазан айларындағыдай бір реттік емес, мейлінше залал тигізетіндей жасайтын болады.

Қарсыластар бір-біріне зардаптары ауыр болатындай соққы беретін болады.

Әлемдік ақпарат құралдары айтып жатқандай Израиль - Иранға соққы бере ма? Көре жатармыз. Не болса да - уақыт көрсетеді.

Сурет ғаламтордан алынды