Астана қаласында 7–8-сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі ұйымдастырылған болатын. Бұл білім додасында біздің аймақтың командасы тарихи жетістікке жетіп, республикалық деңгейде үлкен серпіліс жасады. Олимпиадаға облыстан 22 оқушы қатысты. Оның ішінде оны – жаратылыстану-математикалық, ал 12-сі – қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша сынға түсті. Нәтижесінде он бес оқушы жүлдегер атанып, өңір намысын лайықты қорғады. Оның ішінде Алтын медаль иегерлері: Әуесхан Әдиат – 7-сынып, Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты (география); Габдолла Асқар – 8-сынып, №1 «Білім-Инновация» лицей-интернаты (қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі); Абдульдинов Алан – 7-сынып, №1 «Білім-Инновация» лицей-интернаты (Қазақстан тарихы). Күміс медаль иегерлері: Қазахбай Әли – 7-сынып, №1 «Білім-Инновация» лицей-интернаты (математика); Мәжит Саян – 8-сынып, №1 «Білім-Инновация» лицей-интернаты (химия); Сахтаберген Ді
Республикалық олимпиададағы рекордтық нәтиже
27 мая 202527 мая 2025
2 мин