Добавить в корзинуПозвонить
Найти в Дзене

Мәскеу княздығының Ливон соғысындағы жеңілісі

Дүниежүзі тарихында - әсіресе көршілес Ресей мен Еуропадағы Польша, Дания, Швеция және Балтық елдерінің тарихында ойып тұрып орын алатын оқиғалардың бірі XVI ғасырдағы Ливон соғысы. Бір қызығы тарихшылар бұл оқиғаға Қазақ тарихына қатысты Тәуекел ханның туыс інісі Ораз- Мұхамед Ондан сұлтанұлының қатысқандығындығын айтып қалады. Ораз-Мұхамед Ондан сұлтанұлы - Мәскеу кныздығына қарасты Қасымов хандығының билеушісі болған. Мәскеу кныздығының батыстағы жорықтарына қатысып тұрған. Әрине, Ораз-Мұхамед Ондан сұлтанұлының Мәскеу княздығына қарасты Қасымов хандығына тап болуы, онда билік жүргізуі - шым-шытырық, Мәскеу мемлекетінің саяси ойындарының бірі болғандығы белгілі. Бұл соғыстың өрбуі қазіргі кездегі Шығыс Еуропада болып жатқан геосаяси текетірестерге ұқсас келеді. Атақты кеңестік кезеңде түсірілген Леонид Гайдайдың "Иван Василий қызметін ауыстырады деген" кино комедиясындағы Швед королінің жіберген елшісінің талабы осы кезеңге ұқсас келеді. Ортағасырлық түркі мемлекеттері Қазан, Астрах

Дүниежүзі тарихында - әсіресе көршілес Ресей мен Еуропадағы Польша, Дания, Швеция және Балтық елдерінің тарихында ойып тұрып орын алатын оқиғалардың бірі XVI ғасырдағы Ливон соғысы.

Бір қызығы тарихшылар бұл оқиғаға Қазақ тарихына қатысты Тәуекел ханның туыс інісі Ораз- Мұхамед Ондан сұлтанұлының қатысқандығындығын айтып қалады.

Ораз-Мұхамед Ондан сұлтанұлы - Мәскеу кныздығына қарасты Қасымов хандығының билеушісі болған. Мәскеу кныздығының батыстағы жорықтарына қатысып тұрған.

Әрине, Ораз-Мұхамед Ондан сұлтанұлының Мәскеу княздығына қарасты Қасымов хандығына тап болуы, онда билік жүргізуі - шым-шытырық, Мәскеу мемлекетінің саяси ойындарының бірі болғандығы белгілі.

  • Ресей мемлекетінің өз тарихында бірнеше соғыста жеңілгендігі белгілі. Соның бірі Мәскеу княздығы кезеңіндегі 1558-1583 жж. Ливон соғысы.

Бұл соғыстың өрбуі қазіргі кездегі Шығыс Еуропада болып жатқан геосаяси текетірестерге ұқсас келеді.

  • Ливон соғысында оқиғалар бірнеше көркемдік және тарихи, комедиялық фильмдерге арқау болған.

Атақты кеңестік кезеңде түсірілген Леонид Гайдайдың "Иван Василий қызметін ауыстырады деген" кино комедиясындағы Швед королінің жіберген елшісінің талабы осы кезеңге ұқсас келеді.

Ортағасырлық түркі мемлекеттері Қазан, Астрахан және Сібір хандығын басып алған қаһарлы Иван басқарған Мәскеу мемлекеті неге Еуропалық мемлекеттерге қарсы тұруда жеңіліс тапты.

Бұл соғыста Мәскеу Еуропалық мемлекеттерге өзі ғана қарсы тұрмады. Шеция мен Дания королдігі бастапқыда орыстар жағында болып, Мәскеу мемлекетін қолдаған.

Соғыстың басты себебі - Балтық жағалауында орныққан орысжерлеріне ықпалы басым болған Ливон конфедерациясы әрекеті болды.

  • Ресейлік тарихта бұл соғыстың себебін - біржақты түрде Мәскеу мемлекетінің Балтық жағалауы арқылы теңіз саудасына шығу әрекеті және Ливондықтардың қысымы себепкер болды дейді.

Ливон конфедерация - өзіне дейінгі әскериленген Ливон ордені аталған мемлекеттінің мұрагері саналғанымен. Сол секілді әскери қуатқа ие болмады.

Алайда, көршілес мемлекеттердің мүдделерінің тоғысуымен соғыс қимылдары 25 жылға созылып кетті.

Соғысты алғашқы болып, Мәскеу княздығы бастап Ливон конфедерациясына қарасты жерді басып алып, конфедерацияны толық таратып жіберді.

Соғыстың бастапқы кезеңінде әскери операция өз мақсатына жеткендей болды.

  • Жалпы, Ливон соғысы 4 кезеңнен тұрады.

Бірақ Мәскеу тарапынан таратылды деген Ливон конфедерациясы әскери әлеуетінен айырылмай қарсы шабуылға шығып Псков қаласына жақындады.

Соғыс қимылдары алма-кезек ауысып, қарсылас тараптардың талап қоюынан ары аспады.

1560 жылы Ливон конфедерациясы Мәскеу княздығының соққысынана тарады. Мәскеу билігі оның орнына "қуыршақ" Ливон княздығының құрылғандығын жариялады.

- Соғыс ресми біткендей болып еді.

Мәскеу княздығының әрекеті Дания, Польша, Швеция мемлекеттерінің әрекеттеріне қайшы келе бастады.

Мәскеу билігі экономикалық қысым көріп, ішкі тұрақтылықты ұстап тұру үшін Опричналық жүйені еңгізді. Мәскеу княздығын ішкі бүлікті басу үшін қатал жүйе орнықтырды.

Мәскеу мемлекетінің Еуропадағы қатал саясат ұстанып, күш көрсетіп, өз мақсатына жетуге ұмтылуы - Османдықтардың Қырым хандығын қолдауды тездетті.

1571 жылы Қырым хандығының Мәскеу княздығына бағытталған әскери жорығы басталды. Мәскеу княздығы жеңілісін мойындап, өтемақы төлеп берді. Бірақ өзі жаулап алған Астрахан, Қазан және Сібір хандығын беруден бас тартты.

- Опричналық жүйе күйреді.

Соғыс қимылдарының сәтсіз жүзеге асуы Мәскеу мемлекетінің келіссөздерге мәжбүрледі. Мәскеу мемлекеті Еуропалық мемлекеттерімен бірнеше келіссөзге қол қоя отырып, 1582 жылы Ливон соғысын сәтсіз аяқтады.

- Ливон конфедарация таратылғанымен, оған қарасты жерлерге Швеция, Польша және Данияға берілді.

- Мәскеу княздығы теңіз жолдарына шыға алмады.

- Осман империясы мен Қырым хандығына өтемақы төлеп берді.

- Мәскеу княздығы соғыстың әсерінен адами, экономикалық шығынға тап болды. Мәскеу княздығында соғыс шығындарын толтыруға қосымша ақша болмады.

1584 жылы "қаһарлы" атаңған IV Иван елін саяси-экономикалық дағдарыстан шығара алмай, ұзақ науқастанып ауырып өлді.

IV Иваннан кейін Ресейде билік үшін талас басталып, оның орнына келген билеушілерді шонжарлар қабылдамай, елді арандатумен болды. Мәскеу княздығында дүрбелең кезең басталды

-2

Суреттер ғаламтордан алынды