Найти в Дзене

X ғасыр - XIII ғасырдың басындағы Қазақстан аумағындағы саяси процестер.

Х-ХІІІ ғғ. Қазақстан аумағындағы саяси процестер қатарына - 1. Қарлұқ қағанатының құлап, Қарахан мемлекеті болып қайта құрылуын жатқызуға болады. 2. Бытыраңқы Қыпшақ конфедеративтік мемлекетінің құрылуын жатқызуға болады. 3. Қидан тайпаларының Жетісу жеріндегі билікті басып алып, Батыс Ляо немесе Қарақытай мемлекетін құруын айтуға болады. 4. Шыңғыс бастаған моңғолдар шапқыншылығына тап болған меркіттер мен найман тайпаларының Қазақстан аумағына қашуы. 5. Хорезм шах мемлекеті мен Моңғол империясының Қазақстан аумағы үшін таласқа түсуі. 6. Шыңғыс хан басқарған моңғолдардың шапқыншылығы. Үш ғасырға созылған саяси процестер - дамыған ортағасырлық кезеңге көшіп жатқан көшпелі тайпалар мен өзен бойында қоныстанған отырықшы халықтар үшін оңайға соқпады. Мәуереннахр аймағында бірінен соң - бірі пайда болған Самани мен Хорезмшах империялары жергілікті халықтардың мемлекет құрау процесін бұзып отырды. Осы жағдайға төтеп бере алмаған қыпшақтар сыртқы елдерге номиналды билігін сақтап, дербес саяса

Х-ХІІІ ғғ. Қазақстан аумағындағы саяси процестер қатарына -

1. Қарлұқ қағанатының құлап, Қарахан мемлекеті болып қайта құрылуын жатқызуға болады.

2. Бытыраңқы Қыпшақ конфедеративтік мемлекетінің құрылуын жатқызуға болады.

3. Қидан тайпаларының Жетісу жеріндегі билікті басып алып, Батыс Ляо немесе Қарақытай мемлекетін құруын айтуға болады.

4. Шыңғыс бастаған моңғолдар шапқыншылығына тап болған меркіттер мен найман тайпаларының Қазақстан аумағына қашуы.

5. Хорезм шах мемлекеті мен Моңғол империясының Қазақстан аумағы үшін таласқа түсуі.

6. Шыңғыс хан басқарған моңғолдардың шапқыншылығы.

Үш ғасырға созылған саяси процестер - дамыған ортағасырлық кезеңге көшіп жатқан көшпелі тайпалар мен өзен бойында қоныстанған отырықшы халықтар үшін оңайға соқпады.

Мәуереннахр аймағында бірінен соң - бірі пайда болған Самани мен Хорезмшах империялары жергілікті халықтардың мемлекет құрау процесін бұзып отырды. Осы жағдайға төтеп бере алмаған қыпшақтар сыртқы елдерге номиналды билігін сақтап, дербес саясат жүргізуге ұмтылып бақты.

942 жылы Қарлұқтардың орнын басқан Қарахандар өз аумағын барынша кеңейтуге тырысып, Орта Азияға бақылау орнатуға тырысқанымен ХІІ ғасырда енді ғана пайда бола бастаған Селжүктер мен қарақытайларға қарсы тұра алмады.

Ресурс үшін үздіксіз соғыстар - қалалардың қорғанысын күшейткенімен, сауда байланысын тоқтатумен болды.

ХІІ ғасырдың екінші жартысынан бастап Мәуереннахр даласындағы Хорезмшах мемлекетінің күшеуімен қыпшақтар мен қидандардың қуатын әлсірете бастады. Хорезмшах мемлекеті көшпелі халықтарды өз бақылауында ұстау мақсатында қыпшақтарға үздіксіз шабуыл жасап, туысқандық байланыстар орнатып отырды.

1206 жылы Орталық Азияның Моңғолия аймағында Шыңғыс ханның бытыраңқы көшпелі тайпаларды бағындыруы - көршілес аймақтардағы геосаяси өзгерістерге әкелді. Моңғолдарға бағынудан бас тартқан керейттер, наймандар, меркіттер Қазақстан аумағына көше бастады. Бұл жағдай бұл аймақта моңғол шапқыншылығының басталуын тездетті.

  • Моңғолдардан қашқан меркіттер - Шыңғыс әскерін Хорезмшах мемлекетімен қақтығыстырды.
  • Моңғолдардан қашқан Найман тайпасының көсемі - Қарақытай мемлекетінің құлауына әсер етті

Сурет ғаламтордан алынды