Найти в Дзене

Менің кіші Отанымның символы. Талдықорған қаласының символы

Талдықорған символын іздеген кезде - әлбетте, қаланың бір ұғыммен айта алатын ғимарат не өсімдік, жануар немесе тұлға керек болатындығы анық. Әрине, Талдықорғанда ғана кездесетін жануар табу мүмкін емес шығар. Ғимараттар мен құрылыстарды іздесеңіз жетерлік. Өзіндік дизайнымен, құрылысымен ерекшеленетін неше түрлі бұрқақтар бар. Ғимараттар қанша ма десеңізші. Олардың қатарына Орталық бассейні, студенттер үйі және әкімшілік және мәдени ғимараттарды да жатқызсаңызда болады. Бірнеше Ұлы Отан соғысы мен тыл ардагерін табуғада болады. Сөзсіз, саусақпен санарлықтай қалған соғыс ардагері Талдықорғанның символы. Иә, Талдықорғанның символын іздеген кезде тарихи ескерткіштер мен саябақтарды жатқызсаңыз болады. Тіпті бұл қатарға Тасбақа петроглифтік шатқалында жатқызсаңызда болады. Бірақ Талдықорған қаласының символын нақты іздеген кезде - осы қаланың тікелей атауына себепкер болған көпжылдық тал ағашынан айналып кете алмайтынымыз анық. Әрине, Тал ағашы тек ғана Талдықорған қаласында ғана өспейді

Талдықорған символын іздеген кезде - әлбетте, қаланың бір ұғыммен айта алатын ғимарат не өсімдік, жануар немесе тұлға керек болатындығы анық. Әрине, Талдықорғанда ғана кездесетін жануар табу мүмкін емес шығар. Ғимараттар мен құрылыстарды іздесеңіз жетерлік. Өзіндік дизайнымен, құрылысымен ерекшеленетін неше түрлі бұрқақтар бар. Ғимараттар қанша ма десеңізші. Олардың қатарына Орталық бассейні, студенттер үйі және әкімшілік және мәдени ғимараттарды да жатқызсаңызда болады. Бірнеше Ұлы Отан соғысы мен тыл ардагерін табуғада болады. Сөзсіз, саусақпен санарлықтай қалған соғыс ардагері Талдықорғанның символы.

Иә, Талдықорғанның символын іздеген кезде тарихи ескерткіштер мен саябақтарды жатқызсаңыз болады.

Тіпті бұл қатарға Тасбақа петроглифтік шатқалында жатқызсаңызда болады.

Бірақ Талдықорған қаласының символын нақты іздеген кезде - осы қаланың тікелей атауына себепкер болған көпжылдық тал ағашынан айналып кете алмайтынымыз анық. Әрине, Тал ағашы тек ғана Талдықорған қаласында ғана өспейді. Ол жер шарының көптеген жерінде өседі. Оның 100-ден астам түрі бар. 30-50 жылдан 100 жылға дейін өседі дейді.

Талдықорған қаласының шығыс және солтүстік бөлігін ағып жатқан Қаратал өзенінің жағалай осы тал ағашы жиі өседі. Тіпті тал ағашының су тиген сайын түсін өзгертетіндігі (судың тікелей жанында өскен тал ағашының сыртқы беті қаралау, бозарған қаралау түске өзгереді) - Қаратал өзенінің атауына себепкер болыпты деген жорамал бар.

Тал ағашының қасиеті оның бұтағын кесіп алып, ылғалды жерге қадай салсаңыз - өсіп кетеді.

Ежелгі гректер, славяндар - емдік мақсатта қолданған. Тал ағашының құрамында асперин дәрісіне керекті дәруендер мен химиялық элементтер бар.

Кескен бойда ылғалдылықты көп уақытқа дейін сақтайды

Сурет ғаламтордан алынды