Найти в Дзене

Неліктен ежелгі адамдар Ласко үңгірінің қабырғаларына сурет салған?

Франция мемлекетінің Дордон әкімшілік аймағында орналасқан Ласко үңгірі 1948 жылдан бері туристік орталықтардың бірі. Жалпы, үңгір 1940 жылы бозбалалардың кездесоқ кезбе әрекетіне байланысты табылған. Олар өз кезегінде тапқан дүниелерін ұстазына айтқан. Ұстазы, осы маңда тығылып жүрген антифашист ғалым Ари Брейльге мәлімдеген. Анри Брейль Ласко үңгірін аралап, зерттеп шыққан. Жалпы үңгірде қабырға суреттерінен басқа алғашқы қауымдық құрылыста өмір сүрген адамдардың тұтынған құралдары табылған. Үңгірде басым түрде жан-жануарлардың суреттері салынған. Бәлкім, Ежелгі адамдардың үңгірден шыққандағы жануарлары осы жан-жануарлар болса керек. Ласко үңгірінің үстіңгі бөліктерінде - бұқа, бұғы жиі салынған. Үңгірдегі салынған жануарлардың суретінің жасы - Кейіңгі палеолит дәуіріне келеді. Жалпы ұзындығы - 250 метр. Бірақ әлікүнге кейіңгі палеолит дәуірінің мадлен кезеңіне жататын адамдардың Ласко үңгірін мекен еткен адамдардың жан-жануарлардың бейнесін өздері мекен еткен үңгірге не мақсатта сал

Франция мемлекетінің Дордон әкімшілік аймағында орналасқан Ласко үңгірі 1948 жылдан бері туристік орталықтардың бірі. Жалпы, үңгір 1940 жылы бозбалалардың кездесоқ кезбе әрекетіне байланысты табылған. Олар өз кезегінде тапқан дүниелерін ұстазына айтқан. Ұстазы, осы маңда тығылып жүрген антифашист ғалым Ари Брейльге мәлімдеген. Анри Брейль Ласко үңгірін аралап, зерттеп шыққан.

Жалпы үңгірде қабырға суреттерінен басқа алғашқы қауымдық құрылыста өмір сүрген адамдардың тұтынған құралдары табылған.

Үңгірде басым түрде жан-жануарлардың суреттері салынған.

Бәлкім, Ежелгі адамдардың үңгірден шыққандағы жануарлары осы жан-жануарлар болса керек. Ласко үңгірінің үстіңгі бөліктерінде - бұқа, бұғы жиі салынған.

Үңгірдегі салынған жануарлардың суретінің жасы - Кейіңгі палеолит дәуіріне келеді. Жалпы ұзындығы - 250 метр.

Бірақ әлікүнге кейіңгі палеолит дәуірінің мадлен кезеңіне жататын адамдардың Ласко үңгірін мекен еткен адамдардың жан-жануарлардың бейнесін өздері мекен еткен үңгірге не мақсатта салғаны белгісіз. Тек жорамалдар ғана бар.

- Әлбетте, үңгірді мекендеген адамдардың барлығы дерлік сурет салуға деген қабылеті болмаған болар. Үңгірді мекен еткен адамдар, өз ішіндегі адамға сурет салуға тапсырған болуы мүмкін.

- Мүмкін, үңгірдің сыртындағы жануарларды - үңгір ішіндегі адамдарға таныстыру мақсатында салдырған болар.

- Бәлкім, үңгір ішінде үнемі жаным отқан оттың ағаш көмірін пайдаға асыру мақсатында сурет салған болар

- Аң аулап келген адамдар, өз көргендерін жеткізу мақсатында салғанда болар.

- Үңгірді мекендеген адамдарға сырттағы орманда мекендейтін жан-жануарлардың қауіпін баяндағысы келген болар

Сурет ғаламтордан алынды