Найти в Дзене

Неліктен Византия 568 жылы түрік қағаны Истемиге елші жіберді?

Византия империясының тарихында ұлы аталған І Юстиниан мемлекетінің аумағын кеңейтіп, Жерорта теңізін Византиялық теңізге айналдырып, қарсыластарының барлығын жеңгені тарихтан белгілі. Бірақ үздіксіз соғыстар, өз атын қалдыру мақсатында салдырған ірі құрылыс кешендері көп қаржыны қажет етті. Алайда Византия империясының ұлылығы І Юстинианның ізбасарлары кезінде аса көріне қоймады. Юстиниан жаулап алып, Византия құрамына бағындырған елдердің барлығы дерлік, оның мұрагерлері тұсында қайта бөлініп кетті. І Юстиниан кезіндегі ұлылық, оның ізбасарлары тұсында құм сияқты қолға шығып жатты. 565 жылы билікке келген оның ізбасары ІІ Юстиниан, империяның шалғай аймақтарында тұтана бастаған көтерілістер баса алмай, Ирандық Сасанид империясымен сәтсіз жорықтар жүргізді. Осы жағдай ІІ Юстинианның психикасына әбден әсер етті. Қара теңіз бойынан аварларда қауіп төндірді. 568 жылы Аварлар мен Сасанидтіктерге қарсы тұру мақсатында шалғайда орналасқан Орталық Азияны бақылап отырған Түрік қағанатына елші

Византия империясының тарихында ұлы аталған І Юстиниан мемлекетінің аумағын кеңейтіп, Жерорта теңізін Византиялық теңізге айналдырып, қарсыластарының барлығын жеңгені тарихтан белгілі. Бірақ үздіксіз соғыстар, өз атын қалдыру мақсатында салдырған ірі құрылыс кешендері көп қаржыны қажет етті. Алайда Византия империясының ұлылығы І Юстинианның ізбасарлары кезінде аса көріне қоймады. Юстиниан жаулап алып, Византия құрамына бағындырған елдердің барлығы дерлік, оның мұрагерлері тұсында қайта бөлініп кетті. І Юстиниан кезіндегі ұлылық, оның ізбасарлары тұсында құм сияқты қолға шығып жатты. 565 жылы билікке келген оның ізбасары ІІ Юстиниан, империяның шалғай аймақтарында тұтана бастаған көтерілістер баса алмай, Ирандық Сасанид империясымен сәтсіз жорықтар жүргізді. Осы жағдай ІІ Юстинианның психикасына әбден әсер етті. Қара теңіз бойынан аварларда қауіп төндірді.

568 жылы Аварлар мен Сасанидтіктерге қарсы тұру мақсатында шалғайда орналасқан Орталық Азияны бақылап отырған Түрік қағанатына елшілік жіберді.

Византия елшілігін Түрік қағанатының батыс бөлігінің басшысы, қағанмен теңдей дәрежесі бар Истеми қаған қарсы алды.

Түріктердің Византиялықтардың елшілігін қабылдап, екі оттың ортасынан өткізу рәсімін өткізуі осы Византиялықтардың деректерінде кездеседі.

Түріктердің екі елдің арасындағы қарым-қатынастың нығайту мақсатында Соғды көпесі басқарған Маниах саудагерді Константинполь қаласына жібереді.

Осы келісімнің нәтижесінде Сасанидтіктерге қарсы Түрік-Византия одағы құрылады. Түріктерге Орталық Азиядағы Ирандықтардың беделін әлсірету үшін сәтті жорықтар жасап тұрды.

Алайда, Түріктердің Аварлар бақылаған Қырым мен Кавказ аймағына жақындауы Византиялықтардың үрейін ұшырып, екі елдің арасындағы келісімнің бұзылуына әсер етті.

Түріктер Қара теңіз бойындағы Аварларды талқандауы - Византиялықтар тарапынан қолдау таппаған болар, Византиялықтар түріктерге қарсы Сасанидтіктермен одақтасты.

ІІ Юстиниан Сасанидтік Иран мемлекетімен жасасқан келісіміде тұрақты болмай, шекарада ірі қақтығыстардың жиі болып тұруына әкелді.

Сарай төңірегінде әскерилер жүйкесі жұқара бастаған ІІ Юстинианды қамауға алып, биліктен аластатуға тырысты

Суреттер ғаламтордан алынды