Шамамен 1730 жылы, кейбір деректерде Балқаш көлінің оңтүстік-батысында қазақтар мен жоңғарлар арасында ірі шайқас болып, соңғысының жеңілісімен аяқталғаны тарихтан белгілі. Аңырақай шайқас туралы қазақ батырлары туралы ауызша тараған жыр дастандар мен Ш. Құдайбердіұлының және М. Тынышпаевтың еңбектерінде айтылады. Шайқастың болғандығы туралы ХVIII ғасыр мен ХІХ ғасырдағы орысзерттеушілері өз еңбектерінде осы шайқас туралы айтып өтеді. Жалпы, Аңырақай атауымен Жетісу өңірінде екі атаулы жер бар. Аңырақай шайқасы атауының шығу тарихы туралы бірнеше жорамал бар. 1. Аңырақай атауы 1730 жылы қазақтармен Балқаш көлінің маңында кездескен Жоңғар мемлекетінің қолбасшысының атауына байланысты шықты делінеді. Себебі, ауызша тараған деректерде осы шайқаста Жоңғар хандығының қолбасшысы Анрака батырды - қазақ батыры Бөлек өлтірді делінеді. 2. Шайқаста Жоңғар тарапының ірі күші талқандалып, өз атамекеніне жыларман күйде қайтты деген жорамал бар. Яғни, Аңырақай шайқас - жоңғарлардың талқандалып, жеңіл
Аңырақай топонимінің мағынасы жәйлі жорамалдар және олардың шығу тарихы
18 сентября 202418 сен 2024
14
1 мин