Найти в Дзене

Неліктен Аңырақай шайқасы қазақ - жоңғар соғысындағы түбегейлі бетбұрыс деп саналады?

Бір деректер 1729 жылы келесі бір деректе 1730 жылы болды деп жүрген Аңырақай шайқасы Жоңғар басқыншыларына қарсы бағытталған 100 жылдық Отан соғысының шешуші шайқастарының бірі. Әлбетте, Аңырақай шайқасының уақытына және болған жеріне байланысты нақты тоқтам болмағаны болмаса, осы шайқастың тарихта болғаны белгілі. Аңырақай шайқасы жәйлі Қазақ ауыз әдебиетімен, ауызша тараған тарихында және көрші елдердің тарихи деректерінде айтылған. Бұл шайқас жәйлі екі түрлі уақыттың көрсетілуіне сол кезеңдегі қазақтардың мұсылмандық жыл санауымен қоса шығыс жыл санауын бірге қолданғаны басты себеп. Ал шайқастың болған жері жәйлі екі жерді көрсетуінде - топонимдік атаулардың жыл өткеннен өзгеріп кетуі не топонимдік атаулы аймаққа жаңа атаулар қосылып, бастапқы атаудың кішірейіп, тарылып кетуі себепкер. Болат ханның қайтыс болуы уақытында өткен Аңырақай шайқас сөзсіз жоңғар басқыншыларын Қазақ жерінен қуып шығуға шешуші шайқас болғаны белгілі. Осы шайқастан кейін тек 12 жылдан бірақ жоңғар Қазақ жер

Бір деректер 1729 жылы келесі бір деректе 1730 жылы болды деп жүрген Аңырақай шайқасы Жоңғар басқыншыларына қарсы бағытталған 100 жылдық Отан соғысының шешуші шайқастарының бірі.

Әлбетте, Аңырақай шайқасының уақытына және болған жеріне байланысты нақты тоқтам болмағаны болмаса, осы шайқастың тарихта болғаны белгілі. Аңырақай шайқасы жәйлі Қазақ ауыз әдебиетімен, ауызша тараған тарихында және көрші елдердің тарихи деректерінде айтылған.

Бұл шайқас жәйлі екі түрлі уақыттың көрсетілуіне сол кезеңдегі қазақтардың мұсылмандық жыл санауымен қоса шығыс жыл санауын бірге қолданғаны басты себеп.

Ал шайқастың болған жері жәйлі екі жерді көрсетуінде - топонимдік атаулардың жыл өткеннен өзгеріп кетуі не топонимдік атаулы аймаққа жаңа атаулар қосылып, бастапқы атаудың кішірейіп, тарылып кетуі себепкер.

Болат ханның қайтыс болуы уақытында өткен Аңырақай шайқас сөзсіз жоңғар басқыншыларын Қазақ жерінен қуып шығуға шешуші шайқас болғаны белгілі. Осы шайқастан кейін тек 12 жылдан бірақ жоңғар Қазақ жеріне басып кірген еді.

Аңырақай шайқасы - қазақ жасақтарына Жетісу жерін жоңғарлардан азат етуге мүмкіндік берді. Осы шайқастың алдында 10 жылдан астам Жетісу жері Жоңғар хандығының құрамына кіріп кетуге мәжбүр болған еді.

Бұл шайқас жоңғар әскерін толық талқандамаса да - біріккен күшін жеңіп, шегіндіруге әсер етті.

Аңырақай шайқасы - қазақтарға өз жерін басқыншылардан азат етуге мүмкіндік беріп, Отан соғысын аяқтауға мүмкіншілік берді.

Қазақтар өз жеріне басып кірген басқыншылық тарапты жеңуге мүмкіншілік алды.

Жоңғар хандығының күш қуаты сарқылып, қорғанысқа көше бастады

Сурет ғаламтордан алынды