Найти в Дзене

Бала тәрбиелеудегі 3 негіз

Әр ата-ана баласының биік тұлға болғанын қалайды. Ол үшін түрлі кітап оқып, түрлі лекция өтеді. Сіздерге бала тәрбиесіндегі 3 негізді айтқымыз келеді.

1. Өз-өзіне сенімділікті ұялату

Бала жасқаншақ болса, әр істе "мен қалай істеймін? менің қолымнан келе ме?" деп сізден сұрай берсе, биік істерге ұмтылмауы мүмкін. Әр істе өзінің істей алатынына демеу беріңіз. Сөзбен де, іспен де өзі істей алатынын, қолынан келетінін айта беріңіз. Кейде ол кішкене қиын тапсырма болуы мүмкін. Қателесуге мүмкіндік беріңіз. Қателесу - әр адам үшін қалыпты жағдай. Тек Алла алдындағы қателікте тәубе етіп, қайталамауға бекем болу керектігін үйретсеңіз болғаны.

Абдуллаһ ибн Жафар «Расуллаһ сапардан қайтқанда немерелері Хасан мен Хұсейн алдынан жүгіріп шығатын. Ол бірінші жеткенін алдына, екінші жеткенін артына мінгестіріп Мәдинаға алып кіретін».

2. Жауапкершілікті сезіндіру

Бала өз жасына сай жауапкершілікке ие болады. 1-2 жасар бала сөйлеуге, жүруге жауапкершілік алады. Және оны сезінеді. Одан кейінгі балалар ойыншық жинауға, көмектесуге мүмкіндік алады. Жасына сай сол жауапкершілік сезе білген адам, ертең Алланың алдындағы жауакершілікті сезінеді.

Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) Тамақтан бұрын және тамақтан кейін қол жуу, оң қолмен жеу, «бисмилләмен» бастау, өз алдынан жеу деген секілді тамақтанудың әдебін, бұған қоса тән мен жан тазалығын үйретумен қатар, ер балаларға күрес, садақ ату, жүгіру, суда жүзумен шұғылдануға шақырған.

3. Дұға ету

Ата-ана дұғасы қабыл болады. Сол үшін үмметке пайдасы тиер азамат болсын деп әрқашан дұғада жүріңіз!
«Олар: «Уа, Раббымыз, бізге жұбайларымыздан және ұрпақтарымыздан көзайым болатын (салиқалы жандар) нәсіп ет, бізді тақуа иелеріне жолбасшы ет» дейді» (әл-Фурқан сүресі, 25/74)

Алла тәрбиеңізде берекесін берсін!