Қайрат Сатжанов бокстан Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды, бұл туралы бокс федерациясы Instagram парақшасында жариялады. Федерацияның мәліметінше, Қайрат Сатжанов бұған дейін Қазақстан құрамасында жаттықтырушы ретінде 7 әлем чемпионын, 43 Азия чемпионын дайындаған. Қазіргі уақытта жаңа жаттықтырушылар құрамы құрылып жатыр, оның ішінде: шетелдік жаттықтырушы маман, жалпы дене даярлығы бойынша жаттықтырушы, сондай-ақ ғылыми топ мамандары шақырылады. Қайрат Сатжанов Ұлттық құраманың бас бапкері болу — үлкен жауапкершілік екенін айтып өтті. View this post on Instagram A post shared by Kazakhstan Boxing Federation (@boxingkazakhstan) Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан боксшылары Париж олимпиадасында сынға қалды. . Осы олимпиадада былғары қолғап шеберлері екі-ақ медальді қанағат тұтты. 80 келі салмақ дәрежесінде боксшы Нұрбек Оралбай күміспен күптелсе, 50 келі бойынша шаршы алаңға шыққан Назым Қызайбай қола ұтты. Осыған байланысты бокстан Қазақстан құрамасының б
Олимпиададағы сәтсіздіктен кейін, Қазақстан бокс федерациясы ұлттық құраманың жаңа бас бапкерін тағайындады
16 августа 202416 авг 2024
~1 мин