Найти в Дзене

Баласын білімге баулитын ата-ана қандай болу керек?

Барлықтарыңызға Алланың сәлемі болсын!

Кез келген ата-ана өзінің баласының білімді болғанын қалайды. Сізге де бала тәрбиесінде ескеру керек бірнеше кеңес айтқымыз келеді.

1.Баласының білім алу жолында ұдайы көмек көрсетіп отыру

Білім алу жолында түрлі қиындық болады. Егер ата-ана оны түсініп, оған демеуу берсе, сол кезде ол білім алудан ешқашан аяқ тартпайды.

Имам Бухари анасы баласының білім жолында болғанын қалаған. Әкесіз қалған баласын білім орындарына өзі апаратын. Баласы 18 жасында алғаш кітабын жазған. Ал, оның атақты Сахих Бухари хадистер жинағы Құраннан кейінгі ең сенімді кітап.

2.Өзі білімді болуы керек

Имам Маликтің (атақты ғұлама, мазхаб иесі) анасы өте сауатты, білімді болған. Және өзінің баласына мықты ұстаз тауып, оқушы еткен. Ол айтқан: “Барып, Рабидан білім алмастан бұрып, әдеп ал”.

Білімді ата-ана балаға білім берудің де жолын біледі.

3.Балаға арнайы киім кигізу немесе жетістікті білдіретін есіммен атау деген сияқты ерекше көңіл бөле отырып білімге құштарлық ояту

Мухаммад Фатих анасы ұлын арнайы сөздермен оятатын: “О, балам тұра ғой! Сен ана есіктерді бұзасың” деп Константинополь жақты көрсеткен. Ақыры 22 жасында Константинопольды Мухаммад бағындырған екен.

Тарихтағы барлық аналар өздерінің білімге құштарлығы зор болған әрі балаларын білім ордасына жетелеуге ерінбеген.

Алла істеріңізге береке берсін!

Ал, егер балаға өзіңіз де қосымша Құран оқытқыңыз келсе, біздің білім жүйесінде “балалар тәжуиді” бағдарламасы бар. Толық инстаграм парақшамыздан біле аласыз.