Найти в Дзене

Құранмен байланыс орнату этаптары

Барлықтарыңызға Алланың сәлемі болсын!

Құран оқып үйрену - барлық мұсылмандар арманы. Бірақ, Құранды оқып үйренумен ғана шектелмеу керек. Сіздерге Құранмен тығыз байланыс орнату үшін келесі этаптарды ұсынамын.

1. Құран тыңдау

Әр адам ең алғаш Құранды тыңдау арқылы байланысты орнатады. Тыңдаған сайын жүрегі жұмсарып, Құранға бет бұра бастайды. Сіз де көп Құран тыңдауға тырысыңыз. Сонда, сіз Құран оқып үйренуді жеңіл бастап кетесіз.

2. Құранды оқып үйрену

Келесі байланыс түрі - тәжуид ережелерімен танысып, алғаш Құранға түсу. Бұл этапта бір ұстазбен аяғына дейін барған адам - одан сайын Құранмен байланысты нығайтады. Тек тыңдап қана қомайды, алғаш қысқа сүрелерді оқи бастайды.

3. Құранды дұрыс оқу

Тәжуид ережелерін біліп алған соң, шәкірт ұстазбен оқуды жалғастыру керек. Енді жылдамдықты арттырып, Құранды жиі оқуға тырысу керек. Әріптерді дұрыс шығарып, Құранды дұрыс оқыған сайын Құранмен байланыс одан сайын нығаяды.

4. Құран жаттау

Құранды дұрыс оқи бастаған кезде, ұстаз өзі дұрыс оқуын сезіп, жаттауға рұқсат береді. Ол сүрелерді жаттап, намазда оқи бастаған адам, үздіксіз қайталай бастаған адамның Құранмен байланысы ерекше болады.

5. Құранды түсіну

Құран жаттай бастаған адам, ол аяттарды түсінгені жақсы. Ең керемет сезім - араб тілін білу арқылы әр сөзді түсіну. Алайда, бастапқы қадам үшін аудармамен оқыған жақсы. Сонымен қатар, араб тілін оқуды қолға алған жөн.

6. Құран аяттарына ойлану

Құран аяттарын түсініп, жаттап алған соң, ол аяттарды өмірмен байланыстыру қажет. Осы арқылы Алланың сөздерін кеңінен түсінесіз. Және, өміріңізге өз әсерін қалдыра бастайды.

7. Құранға амал ету

Аяттарға тек ойланып қана қоймай, одан кейін оған амал ету - өте сауапты және өмірді өзгертетін процесс. Сіз Құранмен байланысты нығайтып, ол білімге амал ете бастадыңыз! Қандай ғажап!

8. Құрандағы білімді тарату

Құранды жақсы меңгеріп, биік деңгейге жеткен соң, ол білімді тарату мүмкіншілігі туындайды. Ол кезде сіз Құрансыз мүлдем өмір сүрмейтін боласыз.

Осындай керемет саяхатқа бізбен бірге жол тартыңыз! "Көрнекі тәжуид" курсына жазылу әлі де жүріп жатыр! Толығырақ инстаграм парақшадан біле аласыз!