6-8 қыркүйек күндері Алматыдағы Бірінші мамыр тоғанында алғаш рет Yandex Park Live музыкалық фестивалі өтеді. Бұл — Park Live және Yandex Qazaqstan командаларының бірлескен жобасы. Бұған дейін хедлайнерлер ретінде британдық Placebo мен ОАР-дан келетін Die Antwoord дуэті, америкалық рэпер Tygа мен қазақстандық рэпер Скриптонит аталған.
Енді әлемдік жұлдыздармен қатар сахнада Editors тобы да өнер көрсететіні белгілі болды. Олар сахнаға 8 қыркүйекте шығады. Британдық рок-топтың шығармашылығы өнерпаздар 2000 жылдары Бермингемдегі университетте сабақ арасында музыка ойнауға жиналғанда басталған. Содан бері Editors әйгілі топқа айналды. Оның жанры әдеттегі индидан өзгеше, индастриал мен альтернатив рок белгілері бар, ал әндерінен 1980 жылдардың тылсым атмосферасы сезіледі. Команданың жеті студиялық альбомының екеуі платинаға айналды, кейбірі беделді музыкалық сыйлықтарға ұсынылды.
Yandex Park Live биылғы ірі фестиваль әрі Қазақстанда 2024 жылдың ең елеулі оқиғасы болмақ. Фестиваль қонақтары үш күн бойы екі музыкалық сахнада өнер көрсететін әлемдік деңгейдегі шетелдік әртістер мен Қазақстанның жергілікті музыканттарын тыңдайды. Ұйымдастырушылар осы шара арқылы Орталық Азиядағы фестиваль мәдениетінің зор нүктесін қалыптастыруды, Қазақстанға әлем музыкасын әкелуді көздейді.
Әзірше лайн-аптың бір бөлігі жарияланды:
6 қыркүйек — Die Antwoord, Oliver Tree
7 қыркүйек — Tyga, Скриптонит, Brennan Savage
8 қыркүйек — Placebo, Editors
6-8 қыркүйек, Алматы, Бірінші мамыр тоғаны. Билеттер: park.live
Источник - https://er10.kz/read/editors-yandex-park-live-festivalinde-ner-k-rsetedi/