Мусинді жиі сынағасын ба, кейбіреулер орнынан кетуіне қатысты пікір сұрап жүр. Сірә, мені қуаныштан билеуі керек деп ойлайтындар да бар. Ал мен оның тек мына әрекеттерін сынағанмын. 1) Айтидің көрінеу әдемі әрі тез нәтиже беретін қасиетін сарқа пайдаланды және өкінішке қарай, жас бола тұра кәрі аппаратшы шал істейтін тірліктен аса алмады. Оның кезінде, "енді сол құлағың еститіні туралы анықтама ала аласыңдар" деген сияқты жаңалықтар қаптап кетті. Айтишілер қауымы мұндай "жаңалықтың" құны небәрі он-жиырма жол код екенін, аггрегат функцияларды ақырзаманға дейін жаза беруге болатынын біледі. Басқа жағынан, бұл қылығына өзімше кешіріммен қараймын. Көрінеу нәтижеге ұмтылған жүйе ғой, ол емес. Басқа қайтеді. 2) Цифрлауға қатысты жобаларда экономикалық негіздемелер қайта қаралмады. Меморгандар да, квазимемдер де әлгі, мамин-мәсімовтік монументалистік стильден арыла алмады. Не жоба туралы әңгіме болса да миллиард-миллиард ақша керек деп шыға келетін кесел солайымен қалды. Қазір қит етсең, "