Ертегілер елінде екі патшалық көрші тұрыпты. Екі ел тату-тәтті тұрады екен. Екі елдің екі ханзадасы бір-бірімен өте жақын жолдас болыпты. Олар бірге аңға шығады, бірге әртүрлі сайыстарға қатысып жүріпті. Бірінің аты - Айбар, екіншісі - Қайсар екен. Екеуі де өте мейірімді жандар болыпты. Бірде екеуі аңға шығып Қайсар бір елікті қуып ну орманға кіріп, қайтып шықпай қалады. Айбар досын әрі іздеп, бері іздеп еш жерден таппайды. Қатты қиналып көп жүреді. Сөйтсе, бұл орман - сиқырлы орман екен. Айбар досын қанша іздесе де таба алмай салы суға кетіп еліне қайтады. Қайсардың әке-шешесі ұлдарының қайтып келмегенін көріп шошиды. Айбар оларға болған жайтты айтып түсіндіреді. Екі патшалық қосылып барлық жерді іздейді, еш жерде белгі жоқ таба алмай дал болады. Сөйтіп Айбар досын қайғырып жүргенде, оның терезесінің алдына бір әдемі құс пайда болады. Ол күнде терезеге отырып алып бір мұңлы әнді шырқайды. Бір патшаның екі қызы болыпты, оларды мыстан кемпір сиқырлап құсқа айландырып жіберіпті, содан о