Неліктен ХІХ ғасырдағы Жапониядағы революция "Мэйдзи қайта қалпына келтіру төңкерісі"деп аталды?

Жапониядағы ХІХ ғасырдың екінші жартысында өзгерістерді революция деп баға беруде әліде бір тоқтам жоқ.

Революция дегеніміз академиялық және саяси тұрғыда Төңкеріс немесе Революция (лат. revolutіc – бетбұрыс, төңкеріс) — табиғат, қоғам өміріндегі, білім мен танымдағы сапалы өзгерістер. Білім мен танымдағы өзгерістер қатарына ғылыми - техникалық, мәдени, т.б. Төңкерістарды немесе бетбұрыстық мәні бар адамзат қол жеткізген табыстарды жатқызуға болады-деп түсіндірсе екінші сөздікте революция дегеніміз - бұл биліктің басқа билеуші тапқа күшпен берілуіне әкелетін мемлекеттің саяси жүйесіндегі түбегейлі өзгеріс. Марксистер революцияны төменгі өкілі тап өкілі тарапынан болады дейді.

Жапониядағы билікті өзгеруін революция деп атай аламыз ба?

  • Иә

1. Революцияны сегунаттық басқаруға наразы болған тап, топ өкілдері жүзеге асырды.

2. Жапония қоғамы феодалдық құрылыстан буржуазиялық құрылысқа аттады.

3. Саяси басқару жүйесі заңсыз диктаторлық әулеттен қыспақта болып келген әулетке берілді.

Революция өз мақсатына жету үшін жалғаса берді.

Билікке келген Муцихито император өзгерістер тереңдеп жүргізу үшін 40 жылдай буржуазиялық құндылықтарды еңгізу үшін өз реформаларын жүргізумен болды.

Революция негізгі қозғаушы күші билеуші әулет төңірегіне топтасқан орта және жоғарғы тап өкілдері болды.

Неге император Мейдзи император өзгерістерін - "Мэйдзи қайта қалпына келтіру төңкерісі" деп атайды?

Мэйдзи - император Муцихитоның тақтық есімі мағынасы "ағартушы басқару" деген мағына береді.

Император Мэйдзидің реформалары Жапонияда император әулетін орнықтыруға бағытталғандықтан "қайта қалпына келтіру төңкерісі" деп аталады.

Себебі:

Жапонияда Ямадо әулеті 1192 жылдан 1867 жылға дейін Киото қаласындағы арнайы кварталдарда ұсталды. Сегундар император әулетіне діни рәсімді қалдырып, саяси билікті тартып алған болатын.

1867 жылы император Муцихито төңірегіне топтасқан жоғарғы топ өкілдері жоғарғы билікті Ямадо әулетіне қайта алып берді

Жапониядағы ХІХ ғасырдың екінші жартысында өзгерістерді революция деп баға беруде әліде бір тоқтам жоқ. Революция дегеніміз академиялық және саяси тұрғыда Төңкеріс немесе Революция (лат.

Сурет ғаламтордан алынды