Білім беру жүйесі
Қазақстанның білім беру жүйесін реформалаудың негізгі бағыттарының бірі – мектептегі білім сапасын арттыру. Бұл өзгерістер мұғалімдердің балаларды оқыту мен бағалаудың жаңа әдістерін қолдануынан көрінеді. Қазіргі мектептегі мұғалім оқушылардың танымдық іс-әрекетінің ұйымдастырушысы және оларға ақпараттық технологиямен жұмыс істеу, ақпаратты өз бетінше алу дағдыларын меңгеруге көмектеседі. Бұл ретте баланың алатын білім көлемі мен оның сыни тұрғыдан ойлау, салыстыру және фактілерге сүйену қабілетін дамыту маңызды. Ақпараттық технологиямен қатар оқушыны жеке тұлға ретінде дамытуда, пәндердің бір-бірімен байланысын жүзеге асыру көзделген.
Өзім туралы...
Алматы қаласы Жетісу ауданы №101 мектеп-гимназиясының математика, физика пәндерінің мұғалімі.
Мен Омар Фируза 2002 жылы Алматы қаласында дүниеге келдім. Ұстаздық ортаға келуім, соның ішінде математика, физика пәндеріне қызығушылығым бала кезімнен басталды. Отбасым барлық жағынан қолдап, өз баталарын берді. 2019 жылы арман жетегінде Алматы қаласына келіп, еліміздің алдыңғы қатарда тұрған Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің Математика, физика және информатика институтінің 6B01502-Математика-физика мамандығына оқуға түстім. Оқу орнында еліміздің ең мықты профессор, ұстаздарынан дәріс алдым. Атап айтатын болсам, Тұяқов Есенкелді Алыбайұлы, Қосанов Бағдат Мақұлбекұлы, Нұрбаева Дилара Мұратқызы, Капарова Рымкул Мұқатайқызы, Сыдықова Жайнагул Қаныйқызы, Құлбек Марат Құлбекұлы, Тезекеев Серик Мухамедярович. Бұл кісілерден математика және физика пәндерінен сабақ алып, мықты педагог болып шығуыма себепкер болды. Еңбек өтілім - 8 ай.
Жаңа білім беру жүйесі
Тәуелсіз мемлекетімізде білім беруді жетілдіру бағыттарының бірі функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға көңіл бөлу болып табылады. Оны шешу үшін әртүрлі әдістер мен тәсілдерді, соның ішінде цифрлық технологияларды қолдану қажет. Цифрлық технология – ақпаратты цифрлық форматта өңдеумен байланысты көптеген әртүрлі технологияларды қамтиды. Педагогикалық шеберлік ғылымның, техниканың, ақпараттық технологияның қазіргі даму деңгейіне сәйкес келетін жоғары дамыған білім мен дағдылардың бірлігіне негізделген. Функционалды сауаттылық – адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарым-қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші, ол тұлғаның белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі үшін қажетті деп саналатын және оның әлеуметтік қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ететін білім, білік, дағдылардың жиынтығынан құралады. Функционалды сауаттылықтың құрамды бөліктерінің бірі математикалық сауаттылық болып табылады. Математикалық сауаттылықтың негізгі көрсеткіштерінің бірі – меңгерілген математикалық білімді тәжірибелік мәселелерді шешуде қолдана білу. Бұл орайда физикалық мазмұнды есептердің маңызы зор. Сондықтан мектепте оқушыларды физикалық мазмұнды есептерді шешуге оқытып-үйретуге ерекше мән беріледі. Физикалық мазмұнды есептердің тағы бір пайдасы, олар математика мен физика пәндерін кіріктіре оқытуға, сондай-ақ математиканы оқытуда оның физикамен пәнаралық байланысын жүзеге асыруға мол мүмкіндік туғызады. Сонымен білім беруде функционалдық сауаттылық негізінде ақпараттық технологиянны қолдану, сабақты пән аралық байланыспен кіріктіре оқыту менің бүгінгі күндегі бас миссиям болып табылады.
Цифрлық технологияның білім беру саласындағы маңызы
Бүгінгі таңда еліміз экономикасының салаларын цифрландыру басты, өзекті мәселе. Соның ішінде осы бағытты бастап жатқан белсенді салалардың бірі – білім беру саласы.
Цифрлық технологияның білім беру саласындағы маңызы:
- АКТ ақпаратқа қол жеткізуді жеңілдетеді және оқу іс-әрекетіндегі вариативтілікке, оны даралау мен саралауға мүмкіндіктер ашады, сонымен қатар оқытудың барлық субъектілерінің өзара әрекетін жаңаша ұйымдастыруға, білім беру жүйесін құруға мүмкіндік береді.
- Сондай-ақ, АКТ қолдану көптеген дәстүрлі оқыту құралдарын ауыстыруға мүмкіндік берді. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, жеке жұмыс жасауға, өз бетінше ізденуге ізденімпаздығын ынталандыратын ақпараттық ортаны құрды.
- Қазіргі уақытта мектепте қолдану үшін көптеген ақпараттық технологиялар әзірленді. Оларға мультимедиялық технологиялар, гипермәтіндік технологиялар, HTML және гипермедиа технологиялары, телекоммуникациялар, интернет-технологиялар, қашықтықтан байқаулар, презентация технологиясы, оқыту бағдарламалары, интерактивті модельдеу, мәліметтер базасы мен деректер банкі, виртуалды шындық технологиясы, қашықтықтан оқыту жатады. Математика және жаратылыстану пәндерін оқыту процесінде осы технологияларды қамтитын оқыту бағдарламаларының көп саны бар, оларды қолдану оқытудың сапасын және оның тиімділігін арттырады.
Математика және физика сабақтарында Кембридж бағдарламасын қолдану
21 ғасырда еліміз жаһандану үдерісімен бетпе-бет келіп отыр. Бұл үдерісті белсендіру мен дамытуда өскелең ұрпақтың білімі мен біліктілігі маңызды рөл атқарады. Заман талабына сай жаңашыл ұстаздарға сапалы инновациялық технологияларды дұрыс және сауатты қолдану жыл сайын негізгі, өзекті мәселеге айналып отыр. Қазіргі білім беру жүйесінің ерекшелігі оқушыларды біліммен қаруландыруда ғана емес, сонымен қатар өзін-өзі тәрбиелеуді дамытып, үнемі өзін-өзі жетілдіру қажеттілігін тудыру. Кембридж білім беру бағдарламасының мақсаты – Қазақстан Республикасындағы орта мектеп мұғалімдерінің біліктілігін арттыру және Кембридж университеті тәсілінің теориялық негіздерін зерттеу. Негізгі мақсат – қазақстандық мұғалімдердің педагогикалық тәжірибесін жетілдіру мен бағалауға көмектесу, оларды сыни тұрғыдан ойлауға бағыттау. Бағдарлама жеті модульден тұрады:
- Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.
- Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
- Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
- Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану.
- Талантты және дарынды балаларды оқыту.
- Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.
- Оқытудағы басқару және көшбасшылық.
Аталған технологиялардың барлығын математика және физика сабақтарында қолданамын. Жоспарланған сабақты тиімді өткізуге көмектеседі, оқушының ой-өрісінің дамуына, зерттеулік жұмыстар жүргізуіне ықпал етеді. Жеті модульдің көмегімен мен бірнеше қызықты идеяларымды белсенді түрде жүзеге асыра бастадым. Қазақстандағы білім беру мазмұны жаңа деңгейге көтеріліп, алға қадам басқаны сөзсіз. Өнеріміз бен өнерімізді ұштастыра отырып, жас ұрпақты әлем мойындайтын рухани деңгейге көтеру – біздің парызымыз. Заманауи мұғалім қазіргі білім берудің жаңалықтарына жаны құмар, шығармашыл, білім берумен айналысып, білім берудің жаңа технологияларын меңгергенде ғана жоғары білімді, білікті маман бола алады.
ТӘЖІРИБЕМДЕ ҚОЛДАНЫП ЖҮРГЕН МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ ИНТЕРАКТИВТІ ҚОСЫМШАЛАР
Математика және физика пәндерінде қолданып жүрген қосымшалар туралы қысқаша шолу.
Қазіргі кездегі трендтегі платформалар мен қосымшалар
Bandicam бағдарламасы оқу материалы бар бейнелерді жасау үшін өте қолайлы, компьютер экранында болып жатқан әрекеттерді жазуға арналған ең жақсы бағдарлама. Бағдарламаның артықшылығы - кадрлардың жоғары сапасы (максималды ажыратымдылық 4K), оның әмбебаптығы және интуитивті интерфейсі. Бағдарламаны пайдалана отырып, сіз оқу бағдарламалары мен оқулықтар жасай аласыз. Оқу процесін әртараптандыруға және жылдамдатуға болады: материалды түсіндірме түсініктемелерімен сүйемелдеу арқылы бейнелерді тез және ыңғайлы түрде түсіреді.
Алгебра сабағында Bandicam бағдарламасын Квадрат теңдеу түбірлерінің формулалары. Дискриминант тақырыбында 8 сынып оқушыларына қолдануым.
Wordwall - бұл оқу процесінің негізгі міндеттерінің бірін шешуге көмектесетін әмбебап білім беру ресурсы: студенттердің ынтасын арттыру! Бұл ресурс арқылы әр баланың қабілетіне бейімделген интерактивті немесе басып шығаруға болатын әрекеттерді жасау арқылы оқытуды саралауға және жекелендіруге болады.
WordWall пайдалану оңай және интерактивті тақта үшін де, компьютердегі жеке жұмыс үшін де оңтайлы жаттығулар жасауға көмектеседі. WordWall қызметінің артықшылығының бірі – желіден тыс жаттығуларды құру және пайдалану бағдарламасының болуы. Бағдарламаны Интернетке қосылмаған кез келген компьютерге орнатуға және электронды тасымалдағышта жаттығуларды қамтамасыз етуге болады. Бағдарламаның көптеген тілдерде анық пайдаланушы интерфейсі бар.
Осы сілтемелерде оқушыларға берілетін тапсырма көрсетілген.
Физика сабағында 7 сынып оқушылары өткен тақырыптарды шолу мақсатында WordWall бағдарламасында ойын ойнады.
Canva – әлеуметтік медиа иллюстрацияларынан басып шығару макеттеріне дейін графикалық дизайн элементтерін жасауға арналған онлайн платформа. Бұл қызмет 2012 жылы Австралияда жасалған.
Canva - бұл мұғалімдер мен оқушыларға шығармашылықпен айналысуға өте ыңғайлы дизайн платформасы. 2002 жылы Австралияда жасалған платформа мұғалім мен оқушының бірлескен іс-әрекеті соның ішінде жобаларды құру, топтық жұмыс және т.б. жасауды қамтиды. Мұғалімдер мен студенттер өздерінің әдістемелік, шығармашылық, зерттеу идеяларын (жеке немесе бірлесіп) жүзеге асыра алатын, тақырыптарды әзірлеп, талқылай алатын платформа.
Мұғалім дайын шаблондар арқылы сабаққа керекті өз пәні бойынша презентацияларды, жұмыс парақтарын, бейне сөздіктерді, тесттерді, кестелерді және т.б. жасай алады. Оған қоса, презентацияны әзірлеген кезде оған әртүрлі видеоаларды, аудио қосуға болады.
Canva бағдарламасын физика сабағында Қысым тақырыбында қолдандым.
Kahoot– білім беру жобаларына арналған заманауи және түрлі-түсті білім беру ойын платформасы, ол оқу ойындары мен викториналарды жасайтын платформа. Оқыту процесінде оқушылардың білімін тексеру үшін әртүрлі интерактивті тесттер мен викториналарды орындауға мүмкіндік береді. Бұл платформа кез келген пән бойынша және кез келген тілде тапсырмалар жасауға жағдай жасайды. Алдын ала жасалған сынақты немесе бұрын басқа қолданба пайдаланушылары жасаған миллиондаған сынақтар кітапханасынан алуға болады.
Kahoot - бұл желіде жасауға арналған салыстырмалы түрде жаңа қызмет викториналар, тесттер және сауалнамалар. Бұл білімді тексеру және оқу мотивациясын арттыру үшін пайдалануға болатын онлайн білім берудің тиімді қосымша құралы. Бұл қосымшаны пайдалану студенттерге білім беру үдерісіне мазмұнды тұтынушылар ретінде ғана емес, сонымен қатар оның белсенді жасаушылары ретінде қатысуға мүмкіндік береді. Сабақты бекітуге және кері байланысты жүзеге асыруда қолайлы платформа болып табылады.
Осы сілтемелерде оқушыларға берілетін тапсырма көрсетілген.
7 сынып оқушылары физика сабағында Бір түзудің бойымен денеге әрекет ететін күштерді қосу тақырыбы бойынша кері байланыс жасау мақсатында Kahoot бағдараламасында тест тапсырды.
ZOOM – бейнеконференцияға арналған платформа, ол нақты уақыт режимінде қолжетімді форматта онлайн байланысуға мүмкіндік береді.
Zoom платформасы арқылы 100 адамды шақыруға болады, әлемге әйгілі Skype бағдарламасында тек 20 адамға ғана қатысуға рұқсат береді. Пайдаланушыларға бағдарламаны мобильді құрылғыларына жүктеп алып, жоспарланған немесе ағымдағы бейне конференцияға қосылу үшін сілтемені басу керек. Екі қатысушы үшін шексіз конференцияларға немесе одан да көп үшін 40 минуттық конференцияға мүмкіндік беретін тегін опция бар. Оқушыларға қосымша сабақтарды өткенде, қайталау сабақтарында таптырмас палтформа, мүмкіндік, сабаққа байланысты презентациялады көрсетіп, түсіндірме сабақтарды жүргізуге, оқушыларға ойын ойнатуға, бекіту сабақтарында қолдануға болады.
Пәнаралық байланыс
Оқушының тұлға ретінде дамуында пәндердің бір – бірімен дамуы көзделген. Математика және физика пәндерінің пәнаралық байланысы оқушылардың жаңа тақырыпты жеңіл түрде меңгеруге, физикадан алған білімінің сапасын арттыруда, оқушылардың жеке тұлға болып қалыптасуында маңызы зор. Білім беруде әр оқушының мүмкіндігін ескере отырып жаңартылған инновациялық технологияларды меңгеріп, жаңашыл әдіс –тәсілдерді пайдалануымыз қажет.
Жаңа инновациялық технологиялар білім беру саласын дамытуды, яғни оқу-тәрбие үрдісін дараландыру арқылы оқушының жеке тұлға ретінде дамуына, оның өзіндік іс-әрекетін қалыптастыруға, білім беруде жеке оқытуды дамытуға және пәндердің бір-бірімен байланысын жүзеге асыруды көздейді. Пәнаралық байланыс оқушылардың бір пәннен алған білімін екінші пәнге қолдануға мүмкіндік береді.
Осыған орай өзімнің педагогикалық іс-тәжірибемде оқушыларды ашық кіріктірілген сабақтарға, сыныптан тыс іс-шараларға, олимпиадаларға, конкурстарға, сонымен қатар екі сабақта әртүрлі цифрлық технологияларды қолданып, пәнаралық байланысты жүзеге асырамын.
Қала деңгейіндегі семинарлар
21 ғасыр-білім мен ғылымның жаңаланаған дәуірі. Білім беру үрдісіндегі жаңа өзгерістердің, жаңа технологиялардың пайда болуы бүгінгі күнгі жас маманға үлкен талаптар қояды. Бәсекеге қабілетті, заманның бүгінгі ағымында жүретін, өз жұмысын жақсы дәрежеде алып шығатын мұғалімдерге қазіргі таңда мектептен тыс коучинг, семинарлар, конференциялар жүргізіледі. Бұл семинарлардың жас маманға берер пайдасы өте көп. Сабақты қалай, қандай технологияларды қолданып өту керектігін, білімдегі өзгерістерді жас мамандарға түсіндіріп, тәжірибе жүзінде көрсетіп, басқа мұғалімдермен тәжірибе алмасады. Семинар, коучингтердің маған берген көп жақсы жақтары болды. Жас мамандардың жұмысын қолдау, оларың кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында өткен қалалық семинарларға қатыстым.
1. Городской методический семинар «Новые акценты организации урочной и внеурочной деятельности (в рамках реализации программы «Алматинская школа»), КГУ «Школа-гимназия №68, 06.02.2024г.
2. Құзыреттілік орталығының «Педагогикалық шеберлік» бағыты бойынша «Жаңа инновациялық әдіс-тәсілдер арқылы педагогтың кәсіби шеберлігін шыңдау», №177 ЖББМ, 16.02.2024ж.
3. «Жетістік формуласы» қалалық жас мамандарға арналған семинар, Алматы қаласы М. Мақатаев атындағы №140 гимназия, 27.10.2023ж.
Семинарларға қатысып, олардан түйгендерім көп болды. Қазіргі оқу үрдісінде компьютерлік техниканы, интернет желісін, видео, аудио қондырғыларды, электрондық оқулықтар мен интерактивті тақта мүмкіншіліктерін тиімді пайдалану арқылы, барлық оқушылардың танымдық белсенділігі артып қана қоймай олардың логикалық ойлау жүйесі қалыптастырып, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасалатындығына көзіміз жетуде. Осыған байланысты АҚТ-ны барлық сабағықтарымда қолданамым.
Қала деңгейіндегі қатысқан семинар-практикумдар
Оқушымның жетістігі
Қорытынды
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні Ел президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Қазақстанның болашағы жастардың қолында!» деген сөзі бар. Бүгінгі оқушылар – еліміздің ертеңгі болашағы. Оқушыларға жақсы тәрбие беріп, оқытып, бәсекеге қабілетті жастар тәрбиелеу мұғалім қолында. Бәсекеге қабілетті жастарды тәрбиелеуді ту етіп, заман ағымынан қалыспай, сабақты жоғары дәрежеде өту, ақпараттық технологияларды қолдану, пәнаралық байланысты нығайтқанда ғана біз ұстаз ретінде өз мақсатымызға жетеміз.