Францияның королі XV Людовиктің билік құру уақыты - жеті жылдық соғыстың уақытымен тұспа-тұс келгені анық. Осы жеті жылдық соғыс Францияны қаржылық және саяси дағдарысқа әкелді. 1756-1763 жж. жеті жылдық соғыс Францияны үлкен қаржылық тапшылыққа әкелді. Франция өзінің Еуропадағы мүддесін қорғай алғанымен, өзі ұмтылған жерлерді иемдене алмады. Корольдің абсолюттік билігіне қарсы қарсылықтар байқала бастады. XV Людовиктің өміріне қастандық ұымдастырылды.
XV Людовиктің ел ішіндегі ағартушылық қозғалыстарды қолдауы - жаңа ойлардың қалыптасуына әкелді.
Корольдің абсолютизмін, католицизмді сынаушы зиялы қауым өкілдері көбейді.
Біразы саяси қудалаудан шетелге кетуге мәжбүр болды.
XV Людовиктің өзі тікелей қолдау білдірген энциклопедистер билікті иемдену жағына келген жаңа ойлардың тууына әсер етуі - король билігіне қарсылардың пайда болуына әкеле бастады.
Бұл азаматтар корольдің билігін шектеу мәселесін қозғай бастады. Әлбетте, энциклопедистер корольдің билігіне тікелей шектеуге шақырмаса да оның саясатын жүргізіп отырған феодалдық топтар мен шіркеу қызметіне сын айта бастады.
Энциклопедистердің көшбасында Д. Дидро секілді адамдар ағартушылық абсолютизмді жақтап король саясатын қолдаса энциклопедистердің ойын жалғастырушылар Ж. Мелье, Морелли, Г. Мабли король билігіне тікелей қарсы шықпаса да оның негізіне қауіп төндіретін әлеуметтік теңдік, мүліктік теңдік идеясын көтерді.
Энциклопедистердің біразы феодалдық езгіге қарсы шығып, өз ойларымен буржуазиялық мемлекет ұғымын жақындатты. Осысымен энциклопедистер Король билігіне ұнамады. XV Людовик энциклопедистер шығарып, таратылған сөздіктердің Франция кітапханаларына жіберуін қатаң бақылап, өңдеп, қайта шығартып отырды.
Энциклопедистердің қатарындағы Жан Жак Руссо, Жак Тюрго, Г. Рейналь қуғынға ұшырады
Суреттер ғаламтордан алынды