Найти в Дзене

Цифрлы Қазақстан - білім беруді дамытудағы нақты қадам.

"Менің білім берудегі философиям". Сәлеметсіздер ме, мен Кенжеева Алтынай Тортайқызы Алатау ауданы №180 жалпы білім беретін мектептің тарих пәні мұғалімі болып жұмыс жасаймын. Педагог-модератор санатындағы ұстазбын және қазіргі таңда өзімнің мамандығым бойынша "Тарих біліміндегі цифрлы технологиялар" бағытында магистратурада білім алудамын.
2017 жылы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметі "Цифрлы Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы жарлығы жарияланды. "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) мақсаттары орта мерзімді перспективада Қазақстан Республикасы экономикасының даму қарқынын жеделдету және цифрлық технологияларды пайдалану есебінен халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, сондай-ақ ұзақ мерзімді перспективада Қазақстанның экономикасын болашақтың цифрлық экономикасын құруды қамтамасыз ететін түбегейлі жаңа даму траекториясына көшіруге жағдай жасау болып табылады. Цифрлық сауаттылық - бұл адам өмірінің ба

"Менің білім берудегі философиям".

Цифрлы Қазақстан
Цифрлы Қазақстан

Сәлеметсіздер ме, мен Кенжеева Алтынай Тортайқызы Алатау ауданы №180 жалпы білім беретін мектептің тарих пәні мұғалімі болып жұмыс жасаймын. Педагог-модератор санатындағы ұстазбын және қазіргі таңда өзімнің мамандығым бойынша "Тарих біліміндегі цифрлы технологиялар" бағытында магистратурада білім алудамын. 2017 жылы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметі "Цифрлы Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы жарлығы жарияланды. "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) мақсаттары орта мерзімді перспективада Қазақстан Республикасы экономикасының даму қарқынын жеделдету және цифрлық технологияларды пайдалану есебінен халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, сондай-ақ ұзақ мерзімді перспективада Қазақстанның экономикасын болашақтың цифрлық экономикасын құруды қамтамасыз ететін түбегейлі жаңа даму траекториясына көшіруге жағдай жасау болып табылады.

Цифрлық сауаттылық - бұл адам өмірінің барлық салаларында цифрлық технологияларды сенімді, тиімді қолдануға дайындығы және қабілеті. Осы технологияны қолдану арқылы халықтың өмір сапасын арттыруға жол ашып отыр. Заманауи әлемде цифрлық технологиялар күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналуда, ал білім беру мекемелері шетте қалмай, оларды оқу үдерісіне белсенді түрде енгізеді. Технологиялар оқу процесінің әртүрлі аспектілерінде қолданылады: әкімшілік тапсырмаларды шешуден бастап, онлайн режимінде үй тапсырмасын орындауға дейін.

Цифрлық технологиялардың артықшылықтарына тоқталатын болсам:

1. Цифрлық технологиялармен жұмыс жасау білім алушылардың қызығушылығын арттыруда.

Қазіргі білім алушылар цифрлық заманда өсіп келе және гаджеттерді күнделікті өмірде және оқуда пайдалануға бейімделген. Зерттеулерге сүйенсек, мектепте технологияға қол жеткізе алмайтын оқушылардың оқуға деген қызығушылығының төмендеуі мүмкін екенін көрсетеді. Өз кезегінде, технологияны сабақта пайдалану мұғалімдерге оқу үдерісін қызықты етуге көмектеседі.Қазіргі таңда Қазақстанда мектептерге арналған заманауи білім беру платформалары жұмыс жасауда. Мысалы, Bilimland, Daryn.online, TopIQ т.с.с. Бұл білім беру платформаларында дайын видео сабақтар, тесттер мен дайын тапсырмалармен қамтылған.

2. Цифрлық технологиялар мұғалімдерге саралап оқытуға және оны инклюзивті етуге көмектеседі.

Цифрлық технологиялардың көмегімен мұғалімдер оқушылардың білім деңгейі мен қажеттіліктеріне қарай жекелей оқу бағдарламаларын жасап, нәтижесінде олардың әрқайсысының әлеуетін барынша арттыра алады.Бүгінгі таңда оқу процесін оңтайландыратын көптеген «ақылды» электронды оқулықтар мен жұмыс дәптерлері бар. Бейімдей оқыту ерекше білім беруді қажет ететін оқушылармен жұмыс істегенде де көмектеседі.

3.Цифрлық технологиялар уақытты үнемдейді және білімді бағалау процесін жеңілдетеді.

Сандық технологияның көмегімен мұғалімдер оқушылардың жұмысын тезірек тексеріп, бағалай алады, бұл оларға оқытудың басқа аспектілеріне назар аударуға мүмкіндік береді. Оқу платформаларында оқушы жұмысын жедел тексеретін тесттер бар. Білім алушы мұндай сынақты өзіне ыңғайлы уақытта тапсырып, нәтижесін біліп, қателемен жұмыс жасай алады. Мұндай әдістер бірте-бірте Қазақстан мектептерінде көптеп таралып келеді.. Мысалы, 2021 жылы оқушыларға арналған компьютерлік тестілеу бағдарламалары мектептердің 44 пайызында қолданылған.

4.Цифрлық технологиялар оқу мүмкіндіктерін кеңейтеді

2021 жылғы мәліметтерге сәйкес, Қазақстандағы барлық мектептер білім беру мақсатында пайдаланылатын компьютерлермен жабдықталған. Мұғалімдердің шеберлігі артқан сайын олардың білім беру және оқушыларға мазмұнды жеткізу қабілеті де арта түседі. Мысалы, цифрлық технологиялар материалды бейне, аудио және басқа форматтар мен қолданбаларды пайдалана отырып ұсынуға мүмкіндік береді, бұл білім алушыларға сабақтарды түсіну мен есте сақтауды жақсартады.

5.Цифрлық технологиялар мұғалімдерге ата-аналармен және әріптестермен қашықтықтан тиімді байланыс жасауға көмектеседі.

Цифрлық технологиялардың көмегімен мұғалімдер оқушылардың ата-аналарымен ыңғайлы және жедел түрде сөйлесе алады, сондай-ақ әріптестерімен тәжірибе және идеялармен алмаса алады.

Мысалы, Қазақсанда, әсіресе білім беру коммуникациялары үшін ZOOM, Google Classroom т.б. бағдарламасында білім алушылармен және олардың ата-аналарымен жылдам байланыс орнатуға және қажетті материалдармен бөлісуге мүмкіндік түрлі платформаларды қолдануда. Егер бұрын мұғалімдер ата-аналармен жеке байланыста болса, енді жалпы байланыс арналарындағы хабарландырулар арқылы әр ата-анаға уақыт пен күш-жігерді үнемдей отырып, ақпаратты тиімді жеткізе алады.

6.Технологияны қолдану білім алушылар өмірінің әртүрлі салаларына ұзақ мерзімді оң әсер етеді

Цифрлық технологиялар тек мектептегі оқу кезінде ғана емес, оларды қолданудың оң әсерін мектепті бітіргеннен кейін бірнеше жыл өткен соң да көруге болады.

Осы мақаламды жалғасы ретінде мен сіздерге өзімнің оқу процесінде заманауи технологияларды қалай қолданып жатырмын соған тоқталып өтсем деп едім.

1. Қазақстан тарихы карталар жиынтығы. https://docviewer.yandex.kz/?url=ya-disk%3A%2F%2F%2Fdisk%2Fдокументы%2Fкарты%20по%20истории%2FТарих%20кітап%20(1)%20(1).pdf&name=Тарих%20кітап%20(1)%20(1).pdf&uid=42476737

2. Қазақстан тарихы схемалық карталар жиынтығы. https://docviewer.yandex.kz/view/424767379/?*=FZdG8497peMLWb5QjwMvMZSGNCp7InVybCI6InlhLWRpc2s6Ly8vZGlzay%2FQtNC%2B0LrRg9C80LXQvdGC0Ysv0LrQsNGA0YLRiyDQv9C%2BINC40YHRgtC%2B0YDQuNC4L9Ka0LDQt9Cw0pvRgdGC0LDQvSDRgtCw0YDQuNGF0Ysg0YHRhdC10LzQsNC70YvSmyDQutCw0YDRgtCw0LvQsNGALi4uLnBkZiIsInRpdGxlIjoi0prQsNC30LDSm9GB0YLQsNC9INGC0LDRgNC40YXRiyDRgdGF0LXQvNCw0LvRi9KbINC60LDRgNGC0LDQu9Cw0YAuLi4ucGRmIiwibm9pZnJhbWUiOmZhbHNlLCJ1aWQiOiI0MjQ3NjczNzkiLCJ0cyI6MTcxMzA4MjM5ODUxMywieXUiOiI3NzUzNzM3OTIxNzA1MDMyNDc0In0%3D

3. Комплект карт по истории Казахстана. https://disk.yandex.kz/i/o8Zo1_Ynwi0_-A

4. Карты "Хронокон" интерактивті карталар орыс тілінде дүниежүзі тарихы пәнінде қолдануға ыңғайлы. https://chronocon.org/ru/

5. Дүниежүзінің 3D картасы. https://earth3dmap.com/

  • ІІІ. Тарих оқу пәнінің білім мазмұнына сәйкес тұлғатану мәселелері де жиі кездеседі. Тарихтың әр кезеңінде түрлі тұлғалардың өмірі мен шығармашылын, тарихта алатын орнын таныстыру керек болады. Мен сабақтың осы сәтінде D-ID платформасын пайдаланамын. Бұл платформада жасанды интеллект арқылы видео жасау мүмкіндіктерін тудырады. Осы жасанды интеллектінің көмегімен жасаған видеоларымның бірқатарын ұсынып өтсем:


Білім беру процесіне цифрлық технологияларды енгізу кезінде бірқатар қиындықтар туындауы мүмкін. Оларға мыналарды жатқызуға болады:

Техникалық мәселелер:

  • Инфрақұрылымның жеткіліксіздігі: Барлық оқу орындарында компьютерлер, интернет желісі және басқа да қажетті техникалық ресурстар жеткіліксіздігі.
  • Білікті мамандардың жетіспеуі: Цифрлық әдістерді енгізу мұғалімдер мен студенттерді жаңа технологияларды қолдануға үйрете алатын мамандардың болуын талап етеді.
  • Деректер қауіпсіздігі: Сандық әдістер көбінесе ақпараттар мен деректер қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін және ақпараттардың жоғалып кету мүмкіндігі де кездеседі.

Педагогикалық мәселелер:

  • Мұғалімдердің дайындығының жоқтығы: Мұғалімдер жаңа цифрлық әдістер мен құралдарды меңгеруде қиындықтарға тап болуы мүмкін, бұл оларды сабақта тиімді пайдалануды қиындатады.
  • Оқу бағдарламаларын өзгерту қажеттілігі: Цифрлық әдістерді енгізу оқу бағдарламаларын қайта қарауды және цифрлық технологияларға қатысты жаңа құзыреттіліктерді қосуды талап етуі мүмкін.
  • Тұлғааралық қарым-қатынасты жоғалту қаупі: Цифрлық әдістерді қолдану оқытушылар мен студенттер арасындағы тұлғааралық қарым-қатынастың төмендеуіне әкелуі мүмкін, бұл оқу процесіне теріс әсер етеді.

Әлеуметтік мәселелер:

  • Сандық бөліну: Цифрлық технологиялар қолжетімділігінің біркелкі болмауы білім алушалар арасында цифрлық алшақтыққа әкелуі мүмкін.
  • Технологияға тәуелділік: Цифрлық әдістерді қолдану технологияға тәуелділікке және қолмен жұмыс істеу дағдыларының немесе басқа дәстүрлі дағдылардың төмендеуіне әкелуі мүмкін.

Қорытынды

Цифрлық технологиялар бүгінгі мектеп оқушыларың пәнге деген қызығушылығын арттыруда рөлі оразан зор. Бұл технологиялар оқытудың жаңа әдістерін енгізуге және мектеп оқушыларының талғамдарына назар аударуға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде үлгерімі төмен оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыруға көмектеседі және олардың оқу нәтижелерін жақсартады.

Соңғы үш жылда жеткен жетістіктерім:

Ақбота.docx
Тарих ата.docx

Оқушыларымның аудандық олимпиададан алған грамоталарын салып үлгермедім.