Найти тему

Неліктен Орта Азия хандықтарының ХІХ ғасырдың 40-60 жылдары Қазақстанның оңтүстік аймақтарына экспансиясы күшейді?

1837-1847 жж. Кенесары Қасымұлы басқарған ұлт-азаттық қозғалыс 1841 жылы Қазақ хандығын қалпына келтіргенімен, 1847 жылы отаршылдық биліктің қысымымен қырғыздармен болған соғыста жеңіліс тапты.

Өзін-өзі басқарудан айырылған Қазақ жерінің оңтүстігі 1847-1865 жж. Ресей империясы мен Хиуа, Қоқан хандықтарының талас аймағына айналды.

Қоқан, Хиуа, Бұхара хандықтарының өзара соғысынан ресурстары шектеліп, қайта күшейіп келе жатқан Ауған әмірлеріне қарсы тұра алмады. Қаржылық тапшылықтың орнын толтыру үшін Хиуа, Қоқан хандықтары 1837-1847 жж. кейіе Сырдария бойындағы айырылып қалған жерлеріне қарсы шабуылын бастады. Алым-салықтарды үнемі жинап, мөлшерін ұлғайтып отырды. Ресей империясының күшейіп келе жатқан ықпалымен әскери қуатына қарсы тұру мақсатында Сырдария бойындағы қалалардың қорғанысына қайта салуда көшпелі қазақтарды мәжбүрлей бастады.

Қоқан және Хиуа хандықтары Ресей империясына кіре қоймаған өзін-өзі басқарудан айырылған Сырдария бойындағы қазақтарды күшпен болса да өзіне қаратқысы келді. Хиуа мен Қоқан хандықтары Ресей империясына қарсы діни факторды пайдаланғысы келсе керек.

Хиуа мен Қоқан хандығының әрекетіне

  • қарсы шыққан қазақтарда болды (Жаңқожа Нұрмұхамедұлы).
  • Қолдауға тырысқандар (Сыздық, Тайшық, Жапар сұлтандар)

Бұл екі тараптың Хиуа мен Қоқан хандықтарына қарсы шығу мен қолдауының өз себептері болды

Сурет ғаламтордан алынды

Тарих, саясат, этнология, географияТарихи оқиғаларды жаңаша сараптап, саяси оқиғаларға жаңаша сипаттама беріп, халықтардың ұлттық ерекшелігіне тоқталып, географиялық түсініктерге анықтама беру