Добавить в корзинуПозвонить
Найти в Дзене
KEREK

Өкше неліктен жарылады? Подолог 5 себебін атады

Кейде аяққа қандай күтім жасаса да, өкше жарылып кетеді. Өйткені мұның себебі мүлде басқа болуы мүмкін. Подолог Екатерина Пинчук өкше неліктен жарылатынын түсіндірді, Ең алдымен, өкше терісі неліктен қатты болатынын анықтайық? Негізі аяқ терісінде май бездері болмайды, сондықтан ол құрғақтыққа бейім. Сондай-ақ, жүрген кезде аяқ үнемі қысымға түсетіндіктен, терінің қабығы қалыңдайды. Өкше терісінің шамадан тыс жарылуының себебі бестен әлдеқайда көп. Мысалы, табан аурулары, жыл мезгілі (қыста, ерте көктемде) және тағы басқа. Әрине, тағы бір себеп - аяқ терісіне күтім жасамау. Сондықтан подолог немесе дерматологпен кеңесіп, сізге қажет құралдарды таңдаған дұрыс: ылғалдандырғыш, ұнтақтар. Подолог мәселеңізді шешуге бағытталған медициналық педикюр жасап, күтімді үйде қалай дұрыс жасау керегін айтады.

Кейде аяққа қандай күтім жасаса да, өкше жарылып кетеді. Өйткені мұның себебі мүлде басқа болуы мүмкін. Подолог Екатерина Пинчук өкше неліктен жарылатынын түсіндірді,

Ең алдымен, өкше терісі неліктен қатты болатынын анықтайық? Негізі аяқ терісінде май бездері болмайды, сондықтан ол құрғақтыққа бейім. Сондай-ақ, жүрген кезде аяқ үнемі қысымға түсетіндіктен, терінің қабығы қалыңдайды.

Өкше терісінің шамадан тыс жарылуының себебі бестен әлдеқайда көп. Мысалы, табан аурулары, жыл мезгілі (қыста, ерте көктемде) және тағы басқа.

  • Дұрыс таңдалмаған тар аяқ киім.;
  • Артық салмақ, аяққа үлкен жүктеме түседі
  • Ортопедиялық мәселе;
  • Дәрумен жетіспеушілігі (әдетте А, Е және С дәрумендері);
  • Тым құрғақ ауа.

Әрине, тағы бір себеп - аяқ терісіне күтім жасамау. Сондықтан подолог немесе дерматологпен кеңесіп, сізге қажет құралдарды таңдаған дұрыс: ылғалдандырғыш, ұнтақтар. Подолог мәселеңізді шешуге бағытталған медициналық педикюр жасап, күтімді үйде қалай дұрыс жасау керегін айтады.