Қазақ , кең дала , жайлау десе ойымызға бірінші түсетін зат - киіз үй. Ата - бабамыздың сан ғасырлар бойғы тарихын , кең даланың мұңы мен зарын , қуанышы мен қызығын бойына жинап , өрлей шырқалған әсем ән мен тербелте шертілген күй үнін сіңірген де киіз үй . Әсемдігі мен қарапайымдылығы , оюлы өрнегі мен қиюлы қимасы қатар тізілген көрнекі қолөнер бұйымы киіз үй әр қазақтың түп санасында сақталған . Осынша маңызға ие болған киіз үйдің тарихын біріміз білсек , біріміз біле бермейміз . Ендеше киіз үйдің пайда болу тарихына көз жүгіртсек. Киіз үйдің шығуының нақты жылдық деректері болмаса да , ғалымдардың зерттеулері бойынша алғашқы рет қола дәуірінде пайда бола бастаған . Әрине , өмір сүру жағдайына , тіршілік ету қалпына , адамның ғылымдағы жетістіктеріне байланысты әрдайым белгілі бір өзгерістерге ұшырап отырған . Киіз үйге пішіні жағынан ұқсас болған пананың бір түрін Алтай Сібірдегі Қызылжар тасынан , Қырымдағы тасқа қажалып салынған суреттерден біле аламыз. Кейбір тарихи деректе
Киіз үйдің маңызы неде ? Киіз үй туралы біз білмейтін қандай ақпараттар бар?
20 марта 202420 мар 2024
22
3 мин