Найти в Дзене

Терракот әскері Ежелгі Қытай туралы қандай ақпарат береді?

1974 жылы Сиань қаласының маңындағы тау маңында жергілікті шаруа құдық қазу барысында - әлемдік сенсациялық қазынаға тап болған болатын. Әрине, бұл қазына - дәл бағалы тастармен бағаланбаса да тарихи құндылығы жағынан жоғары болды. 2000 жылдай ізделінген Қытайдың тұңғыш императоры Цинь Шихуанди-дің мазары табылды. Мазардың ерекшелігі - Цинь Шихуандидің жерленген жерінің ауқымы мен онда орналасқан 8000 мыңдай күйдірілген топырақтан жасалған жауынгерлердің мүсіні болды. Жауынгерлер - бір-біріне ұқсамайды. Қару-жарақтарында да айырмашылықтар бар. Қытай императоры Цинь Шихуанди императордың кенеттен қайтыс болуы - билік үшін талас туғызды. Цинь Шихуанди қайтыс болуы біраз уақытқа құпия сақталды. Цинь Шихуандидің баласы Хухай Сиань қаласында жерледі. Цинь Шихуандидің тірі кезінде мазары салына бастады. Қытай тарихының атасы саналған Сыма Цянь Цинь Шихуанди мазарын салуда мыңдаған адамдар еңбек етті дейді. Орта жолда Цинь Шихуанди мазарында императормен бірге әйелі мен жауынгерлері бірге же

1974 жылы Сиань қаласының маңындағы тау маңында жергілікті шаруа құдық қазу барысында - әлемдік сенсациялық қазынаға тап болған болатын. Әрине, бұл қазына - дәл бағалы тастармен бағаланбаса да тарихи құндылығы жағынан жоғары болды.

2000 жылдай ізделінген Қытайдың тұңғыш императоры Цинь Шихуанди-дің мазары табылды.

Мазардың ерекшелігі - Цинь Шихуандидің жерленген жерінің ауқымы мен онда орналасқан 8000 мыңдай күйдірілген топырақтан жасалған жауынгерлердің мүсіні болды. Жауынгерлер - бір-біріне ұқсамайды. Қару-жарақтарында да айырмашылықтар бар.

Қытай императоры Цинь Шихуанди императордың кенеттен қайтыс болуы - билік үшін талас туғызды. Цинь Шихуанди қайтыс болуы біраз уақытқа құпия сақталды. Цинь Шихуандидің баласы Хухай Сиань қаласында жерледі. Цинь Шихуандидің тірі кезінде мазары салына бастады.

Қытай тарихының атасы саналған Сыма Цянь Цинь Шихуанди мазарын салуда мыңдаған адамдар еңбек етті дейді. Орта жолда Цинь Шихуанди мазарында императормен бірге әйелі мен жауынгерлері бірге жерлеңген деп жазады.

Сыма Цянь Цинь Шихуандиден 70 жыл кейін туғандықтан естіген ақпаратты ғана жазған болар.

Дегенімен, 1970-1980 жылдары Сиань қаласында Цинь Шихуанди мазарын зерттеген археологтар императордан басқа адамдардың жерленгенін тапқан. Шамасы Цинь Шихуанди императордың баласы бәсекелестіктен қорқып өлтірген болуы мүмкін. Тіпті Цинь Шихуандидің өзі уланып өлуіде мүмкін.

Жалпы мыңдаған терракоталық жауынгерлердің мүсінің неге қойылғаны әлі белгісіз?

Жорамалдар көп.

  • Мистицизмнен бастап мазарды тонауға келген қарақшылардан қорғау үшін деген жорамалдар айтылады.

Терракоталық жауынгерлердің тарихи маңыздылығы

  • Цинь кезеңіндегі жауынгерлердің бет-әлпетін білуге болады.
  • Цинь кезеңіндегі жауынгерлердің қару-жарақтарын біле аламыз.
  • Қыш, керамика өндірісінің жоғары деңгейде дамығандығын байқатады

Сурет ғаламтордан алынды