Найти в Дзене

Тест. Геродот

«Тарих» сөзін алғаш рет өз еңбектерінде қолданған ғалым:

A) Страбон

B) Геродот

C) Платон

D) Ксеркс

E) Ксенофонт

Жауабы: В

"Тарих" сөзі көне араб тілінен аударғанда әуелі "уақытты анықтау" деген мағына берсе, кейін "оқиғалар тізбегі" дегенді білдірген. Бұл сөз алғаш рет тарихтың атасы атанған ежелгі грек ғалымы Геродот (б.з.б. 484-425 жылдар) еңбектерінде қолданылған
Қазақстан тарихы: Жалпы білім беретін мектептің 5-сыныбына арналған оқулық / Б. Е. Көмеков, Т.С. Жұмағанбетов, К. С. Игілікова. - Алматы: Атамұра, 2017. - 144 бет. 6 бет

Сурет ғаламтордан алынды

Геродот Б.з.б. 484 - 425 жж. Ежелгі Грекия жерінде өмір сүрген. Ежелгі заман тарихын бір қалыпқа жүйелеген тарихшы. "Тарих" атты еңбек жазған. Еңбегі тоғыз бөлімнен тұрады. Әрбір бөлімге грек мифологиясындағы музалардың атауын берген. Клио, Эвтерпа, Талия, Мельпомена, Терпсихора, Эрато, Полигимния, Калиопа. "Тарих" еңбегінің тоғызыншы Калиопа бөлімінде сақтар туралы айтқан.

Геродотты "Тарихтың атасы" алғаш рет (яғни, Тарих ғылымының негізін салушы) деп Рим фиолософы Цицерон атаған