У казахов сохранились представления о том, что в первые после рождения 40 дней ребенку угрожают разные опасности, и ребенка надо оградить от злых духов. Именно поэтому до исполнения 40 дней ночью возле малыша зажигали светильник, в народе бытовало мнение, что всякая нечисть боялась огня и света. До 40 дней ребенку вне зависимости от пола надевали ритуальную рубашку "ит койлек", после ее заменяли обычной распашонкой.
Интересно, что обряд 40 дней для мальчиков делают на один-два дня раньше, а для девочек — на один день позже. Сам обряд «кыркынан шыгару» - что в переводе означает "вывести из сорока дней" – состоит из купания ребенка в соленой воде, после купания младенца поливают 40 ложками ритуальной воды, в чашу предварительно кладут монеты и серебряные украшения. В этот же день ребенку в первый раз стригут волосы и ногти. Любопытно, что в этом обычае принимают участие только женщины, которых приглашающая семья одаривает подарками. Обязательна раздача лепешек, испеченных к этому событию.
Считается, что младенца можно показывать посторонним и бывать с ним на людях только после совершения обряда 40 дней.
Қазақта балаға қатысты салт-дәстүрдің бірін қырқынан шығару деп атайды.
Ырым бойынша, қыз баланы қырық екі – қырық төрт күнде қырқынан шығарса, ұл баланың қызға төлейтін қалың малы аз болсын деген ырыммен ерте отыз жеті, отыз тоғыз күнде шығарады. Кәдеге жиналған ауыл әйелдері ыдысқа қырық қасық тұзды су құйып «отыз омыртқаң тездетіп бекісін, қырық қабырғаң жылдам қатсын» деп тілек тілейді. Шомылдыратын ыдысқа жүзі күмістей жарқырап тұрсын деп күміс сақина, жүзіктер салса, бай, ауқатты болсын деп теңгелер салып жатады. Оны шомылдыруға көмектескен әйелдер бөлісіп алады. Тырнағын өнерлі, шебер адам алса, сол қасиеті дариды деп ырымдап алғызып, адам баспайтын жерге көміп тастайды. Шашын алып оны шүберекке орап, тұмар үлгісінде тігіп, нәрестенің оң иығына қадайды. Ел арасында «қарын шаштың қарғысы қатты болады» деген сенім бар. Сондықтан баланың шашын еш уақытта жерге тастамай, адам аяғы баспайтын жерге көміп отырады. Онымен қоса қырқына дейінгі аралықта баланы ешкімге көрсетпеген. Бұл - көз тимесін деген мақсатта жасалып, қырқынан шығарған соң, баланы көпшіліктің арасына алып шыққан.
Баланың қырқынан шыққанша киетін киімін «иткөйлек» деп атайды. Сәбиді қырқынан шығарып болған соң, сол иткөйлекке тәттілерді орап, бір иттің мойынына байлап жібереді. Балалар итті қуалып тоқтатып, тәттілерді таласып бөліседі. Және де бойына бала бітпей жүрген келіншектер болса, осы иткөйлекті ырымдап алып кетіп жататын сәттерде бар.