Жетімдер келсе жылаған, емізген емшек ел едік
Жесірлер келсе зәбірлі, маңдайдан сипап жебедік
Аш арық келсе алыстан, қарттарымыз қайырлы, шалдарымыз зайырлы пейілге де кең едік
Жалшылар келсе жалданған, артық беріп ақысын еңбектерін жемедік
Ханды өлтірген қашқынға «Қазағың бар ма жаныңда, қайдан жүрсің» - демедік
Бар айыбымыз бастағы оқу-білім, өнерді үйренуден кем едік
Жарылқаған кең Алла, атағы бар даңқы бар
Біз Адай деген ел едік!